Туды қорлағандар қамаудан босатылды

647
Adyrna.kz Telegram
Фото: Видеодан алынған
Фото: Видеодан алынған

Атырауда Қазақстан Туын қорлаған қыздар қамауға алынбады. Бұл туралы Buzyq Теоеграм арнасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, кеше полицияға жеткізілген төрт күдікті сотқа дейін босатылды. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Олар сот тергеуі аяқталғанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 3000 АЕК (шамамен 12 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Атырау мұз айдынында төрт қыз никаб киіп, Қазақстан туына ұқсас жалаумен суретке түскен. Алайда оның жоғарғы бөлігінде арабша жазу мен қылыштың бейнесі болған. Бұл – ислам сенімінің символы саналатын шахада: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» деген жазу.

Осы оқиғаға байланысты ҰҚК мен Атырау облысының полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізіп, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Сондай-ақ, бүгін бұл іске қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі пікір білдіріп, туды сатқан интернет-ресурстарды анықтады

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер