Талдықорғанда жол апатынан бір отбасы түгел ажал құшты

2953
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда жан түршігерлік жол апаты болды. Бір отбасы түгел қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» сайты Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Көлік аударылып, ағашқа соғылып, кейін өртеніп кеткен. Күйеуі мен әйелі ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды. Қыздар ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер апалы-сіңлілерді аман алып қала алмады. Үлкені жеті жаста, кішісі небәрі бір жаста еді.

Сараптама тағайындау кезінде болған жазатайым оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,– дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Әбілтай ӘБЕНОВ.

Еске салайық, таяуда Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар көлігі арыққа түсіп кетіп, өртенген болатын. Үш бала тірідей өртеніп кеткен. Олардың әкесі кейін ауруханада қайтыс болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер