35 адам қаза тапты. Қытайда көлік адамдарды қағып кетті

1043
Adyrna.kz Telegram
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Чжухай қаласында жолаушылар көлігі көпшілікке соғылып, 35 адам қаза тауып, тағы 43 адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Оқиға 11 қараша, дүйсенбі күні кешке спорт орталығының жанында болған. Қайғылы жағдай кезінде ол жерде серуендеп және спортпен шұғылданып жүрген адам көп болған. Жарақат алғандар арасында қарт адамдар, жасөспірімдер және балалар бар.

Көлік тізгінінде 62 жастағы тегі Фан деген ер адам отырған. Ол қылмыс орнынан қашып кетуге тырысқан кезде құқық қорғаушылар оны ұстап алған.

«Полиция қызметкерлері Фанның көлікте отырған кезде өзіне пышақ жарақаттарын салғанын анықтап, оны бірден ауруханаға жеткізді», - деді полиция өкілдері.

Алдын ала мәлімет бойынша, Фанның әрекетіне ажырасқаннан кейінгі мүлікті бөлумен байланысты риза болмауы себеп болуы мүмкін. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин көлік жүргізушісін қылмыскер деп атап, оны заңға сәйкес қатаң жазалауды бұйырды. Ол сондай-ақ жараланғандарды құтқару үшін бар күшті салып, зардап шеккендер мен олардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды.

Сонымен қатар, Чжухайда дәстүрлі түрде өтетін Airshow China 2024 авиасалоны басталмай тұрып бір күн бұрын болған өлімге соқтырған жағдай туралы ақпарат Қытайдағы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде цензураға ұшыраған. Қылмыс болғаннан кейін бір күн қанша адамның қаза тапқаны немесе жараланғаны белгісіз болды. Дүйсенбі күні кешке жарияланған Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының оқиға туралы мақалалары өшірілген.

Пікірлер