Қытайлық "Титаниктің" суға кетуі: тонналаған фарфор мен 1600 адамның қазасы

7261
Adyrna.kz Telegram

1822 жылдың 6 ақпанында, Қытайлық - «Тэк Син» кемесі, Оңтүстік – Қытай теңізіне қарасты, Банк аралының маңында суға кетті. Кеменің ішінде 1800 иммигрантпен, үлкен көлемдегі фарфор болды. Апат салдарынан, 1600 – ға жуық жолаушы қаза тапты. Көптеген адам шығыны орын алған теңіз апатын, ХІХ ғасырдағы ең үлкен апаты ретінде көрсетеді. 1999 жылы, «Тэк Син» кемесінен 300 мыңға жуық фарфор өнімдерін алып шығады. Кейін бұл өнімдер, Штутгарт қаласында аукционға қойылды.

Тэк Син кемесі (Қытай тілінен аударғанда, «Нағыз жұлдыз» - деген мағына береді) – Қытайдың Сямыня қаласына тиесілі. ХІХ ғасырда фарфорға толы кеме, толығымен су астына кетті. Тек 1999 жылы ғана кеменің кейбір бөліктерін жер бетіне шығара алды. Негізі нағыз трагедия - «Фарфорлы Титаник» кемесі ішіндегі 1800 – ге жуық адамның, 1600 – нің қайтыс болуы. Кейбір деректерде, джонка ішінде 2000 адам болды деп көрсетіледі.

Джонка – Қытайдың дәстүрлі желкенді кемесі. Теңізге және өзенге жақын аймақтарда ғана қолданады. Өлшемі мен сыйымдылығы үлкен джонкалар, ұзақ сапарларға дайын деген сөз.
«Тэк Син» кемесі – Қытай тарихындағы ең үлкен джонкалардың бірі. Биіктігі – 35 метрге дейін жетеді. 1000 тоннаға дейінгі жүкті беймарал көтере алады. 1822 жылдың 14 қаңтарын да, Сямыня қаласынан «Тэк Син» кемесі сапарға аттанады. Кеме аттанған аймақ, сондай –ақ Фуцзянь провинциясына да жақын болатын. Маршурттың негізгі бағыты, Тайвань бұғазы арқылы, Малакка түбегіне жету. Кемедегі 1800 адамның, 1600 жағдайы жоқ кедей иммигранттар еді. Кемедегі иммигранттар, Ява аралдарынан түсіп, өздеріне үй салуды ойлады, армандады. Иммигранттардың барлығы дерлік «Тэк Син» кемесіне билетті қарыз алу арқылы алды десе де болады. Олардың белгілі бір тұрғы да қаржылары жоқ еді. Кейін қарыз иесіне жұмыс істеп, ақшаларын қайтаруды көздеді. Ол кезде, «уақытша құлдық» белең алып тұрды.

Кемедегі иммигранттардың жағдайы керемет болмады. Жерде, кеменің әрбір жерінде түнеді. Күнделікті тамақтары үшін бір – бірімен арпалысқа түсті. Керісінше, «Тэк Син» кемесі ішіндегі жүк өте бағалы болды. Ал адамдар жоқ. Парадокс.

Джонка ішінде тек фарфорлар ғана болмады. Кеме, XVII – XVIII ға тиесілі Еуропалықтар үшін аса құнды заттарды да әкеле жатты. Сонымен қатар кеме іші, шәй, жібек маталар, түрлі-түсті қағаздар, бамбуктан жасалған жиһаздар, қытайлық дәрі-дәрмектектерге, май, күміс бұйымдарға толы болды.
Кеме бағытының финальдық кезеңі, үнемі жүзіп жүрген үйреншікті Банка-Сумматра аралдары арқылы емес, Гаспар бұғазы арқылы жүзді, кеменің бағытын өзгерткен, ешкім жүріп көрмеген жаңа жолға бастаған капитан Ио Таука болатын. Ио Таука алдымен уақыт ұтқысы келді, сондай-ақ саны сұмдық-көп кемедегі иммигранттар аштыққа тап бола ма деп ойлады, теңіз қарақшыларынан қорыққандығы тағы бар. Бірақ жаңа бағыт сәтті болмады.

Жаңа маршуртпен жүзіп келе жатырған кеме, 5 ақпан күні Бельвидер рифіне соқтығысып жылдам қарқында 30 метрге дейін тереңдік ке су астына кетіп, жоқ болды. Кеме 300 км шыдаған да, Батавияға жетуші еді.
Негізі бағытты 100 метрге батысқа қарай бұрғанда кеме суға кетпей, соңғы нүктеге кедергісіз жетер еді. Ал кемедегі адамдар өздеріне қауіп төнгенін мүлдем байқамайтын да. Солтүстік-батыстан соққан муссон желдері де трагедияға себепші болған.

«Тэк Син» кемесінің артынан, «Ван Кан» кемесі де келе жатырған болатын. Кеме ішінде Ява аралдарына бет алған иммигранттар көп еді. Борт та 198 ғана адам болды. «Ван Кан» кемесі капитаны Цзялян Лима, Ио Таукамен Гонконгқа жақын, Линдин аралдары маңында кездескен болатын. Әңгімеден соң Ио Таука өз кемесінің бағытын өзгертті. Алайда қайғылы оқиға орын алған соң, Цзялян Лима джонка бағыты өзгеруіне өзінің тиіттей де қатысы жоқ екенін айтты. Су астына кеткен кеменің 18 жолаушысы «Ван Кан» кемесіне мініп үлгерді. Капитан Цзялян Лима қайғылы оқиға кезінде джонка жүрісін тоқтатпай жүре беруді бұйырды. Джонка ұзақ тұрып суға кеткендерге көмектескен жағдайда, өзінің кемесі де апатқа ұшырайды деп ойлады.
Апат орын алғаннан кейін аймақ кеменің қалдықтары мен суға кеткен адамдар денесіне лезде толды. Ішінде аман қалғандардары да аз болмады. Бірақ олардың өзі шаққа жүрген болатын. Келесі күні британдықтарға тиесілі «Indianа» кемесі 190 жолаушыны құтқарып қала алды. Осы ерлігі үшін кеме капитаны Джеймс Перл, Нидерланд корольі І Вилгельмнен «батылдығы үшін» - медалін алды.
Кеме апаты бейбітшілік заманындағы ең үлкен қайғылы оқиғалардың бірі болып тіркелді. «Титаник» кемесі апаты кезінде – 1635 адам қаза тапқан болатын.

1999 жылдың 12 мамырын да, «бағалы заттар аңшысы» Майкл Хэтчер кеме қалдықтарын таба алды. Майкл 600 мыңға жуық затты жер бетіне шығара алды. Кейін кемеден табылған заттар, 14,5 млн доллорға аукцион да сатылды. Солай біреулерге өкініш пен өлім сыйлаған «Тэк Син» кемесі біреулердің бағын ашты.

Ақтілек Бисембай

 

 

 

Пікірлер