Nur-Sultanda Mahatma Gandige eskertkish ashý josparlanyp otyr

3363
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/af9f506f-d651-497e-b01c-e971821f68bf.jpeg
Qazaqstan Respýblikasy Mádeniet jáne sport ministrligi men Úndistan Mádeniet ministrligi arasynda 2022-2025 jyldarǵa arnalǵan mádeni almasý baǵdarlamasyna qol qoiyldy. Qol qoıý rásimi QR Mádeniet jáne sport ministri Dáýren Abaev pen Úndistannyń memlekettik Syrtqy ister jáne mádeniet ministri Meenakshi Lekhi hanymmen ekijaqty kezdesý barysynda ótti, dep habarlaidy «Adyrna» tilshisi. Дәурен Абаев биыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті. Оның айтуынша, Нью-Делиде ұлы ақын және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстінің ашылуы берік және достық қарым-қатынастардың айғақтарының бірі болды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында Махатма Гандиге ескерткіш ашу жоспарланған. Сондай-ақ, Дәурен Абаев кинематография, мұрағат ісі, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, министр Үнді кинематографистерін «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне қатысуға шақырды. Өз кезегінде Меенакши Лекхи кең ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді байланыстарды нығайтуға ниетін растады.
Pikirler