Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан

2679
Adyrna.kz Telegram

2014 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаға «Аймақтарды дамыту», «Моно-қалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту», «Қолжетімді баспана–2020», сондай-ақ шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жобасы енгізілген еді.

Жалпы, мұндай бағдарламалар аз емес және халық үшін барынша пайдасын беретіні анық. Мәселен, жоғарыда сөз етілген бағдарлама еліміздің ұтымды аумақтық ұйымын қалыптастыру жолымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, халық капиталын экономикалық өсімі жоғары орталықтарға шоғырландыруды көздейді. Бағдарлама аясында халықтың қай аймақта тұратынына қарамастан, инфрақұрылымды дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға баса мән берілді. Осы бағдарламаның ең өзекті бір тармағы халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету.

«Біздің қағидамыз баршаңызға мәлім: қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан. Азаматтарымызды тол­ғандырған нақты мәселелер жергілікті деңгейде шешілуі тиіс. Жергі­лікті өзін-өзі басқару жүйе­сін нығайтамыз. Аймақтағы қор­да­ланған мәселелерді шешуге ха­лық белсене араласатын бола­ды», – деді Қ.Тоқаев жетінші бағыт туралы. Міне, осы себептен де он төрт облысты дамыту үшін Өңірлерді дамыту­дың 2020 жылға дейінгі бағдар­ла­ма­сы жасалды.

Облыстар бір-бірімен климаты, экономикасы, әлеу­меттік жағдайы, инфрақұры­лымы, салалық дамуы жағынан ерекшеленеді. Сол себепті, Өңір­лер­ді дамыту бағдарламасы негі­зінде әр облыс өзінің аумақ­тық даму бағдарламаларын (2016-2020 жылдарға арналған) жасаған. Аумақтық бағдарламаларда көз­дел­ген индикаторлардың орын­да­л­уы түптеп келгенде, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуына ықпал етеді. Бір ғана ауыл­­ды сумен жабдықтау жүйе­ле­рін дамытуға   барлық қаржы көз­де­­рі­нен   100 млрд теңге бөлін­ді. Қала­­лар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу/реконструкция­лау бойынша 331 жоба, топтық су құбырларын салу/реконструк­ция­лау бойынша 15 жоба іске асырылды. Қалалар мен ауылдар­да сумен жабдықтау және су бұру жүйелері бойынша 133 нысан пайдалануға берілді. 380 ауыл үшін тәулігіне 166,44 мың текше метр сомадағы жерас­ты су қоры бекітілді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға 2018 жылы 244,4 млрд теңге бөлінген, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен 130,0 млрд теңге, жергілікті бюд­жет­тер есебінен 81,7 млрд теңге, бюд­жет­тен тыс қаражаттар есебі­нен (кәсіпорындар қаража­ты) 32,7 млрд теңге бөлінді. Бағдар­лама бюджетінің игерілуі 243,5 млрд теңгені немесе 99,6 пайызды құрады.  Десек те, бағдарлама бюджетінің толық игерілмеуі де жоқ емес. Қалалық және ауылдық елді­ме­кендерде сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде респуб­ли­ка­лық бюджеттен бөлінген қара­жат­тың ең көп игерілмеуі Қызы­лор­да (37,6 млн теңге), Шығыс Қазақстан (18,2 млн теңге), Түр­­кістан (6,9 млн теңге) және Жам­был (5,3 млн теңге) облыс­та­рына тиесілі.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 3 477 ауыл жаңар­тылып, ауыл хал­қының 90 пайызы немесе 7 млн адам сапалы ауызсумен қам­тамасыз етіледі. Бағ­дарламаны жүзеге асыру үшін 1,3 трлн теңге бөлу жоспар­ланған. Бүгінге дейін осы бағдарламаның бағыты бойынша тұтас тармақтары жүзеге асырылып, ауыл халқының басым бөлігі ауыз сумен қамтамасыз етілді.

                                                                               «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер