Абай облысында жарыс кезінде Ертіс өзеніне құлап кеткен автокөлікте болған адамның денесін балықшылар тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Abai News-ке сілтеме жасап.
10 қаңтарда түнгі уақытта ТЖД кезекші пультіне жергілікті балықшылардың су астынан жоғалған жолаушылардың бірінің денесін тапқаны туралы ақпарат түскен. Хабар түскеннен кейін ТЖД қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, кейін дене туыстары арқылы анықталды.
Қазіргі уақытта екінші жоғалған адамды іздеу жұмыстары күндізгі уақытта күн сайын жалғасуда.
Іздеу шараларына 100-ден астам адам, моторлы 13 қайық, 2 пилотсыз ұшу аппараты, 3 эхолот және 1 суасты дроны тартылған.
Еске сала кетейік, 5 қаңтар күні Абай облысында жарыс кезінде автокөліктің Ертіс өзеніне құлап кеткені туралы жазған едік.