"Әділетсіздік". Хабиб Нұрмағамедовті ұшақтан түсіріп жіберген

1321
Adyrna.kz Telegram

ММА әлемінің жұлдызы Хабиб Нұрмағамедовті бортсерікпен сөзге келіп қалғаны үшін ұшақтан түсіріп жіберді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға American Airlines ұшағында болған. Хабиб пен оның серіктестері ұшақта төтенше жағдай кезінде көмек көрсететін жолаушылар қатарына отырғызылған.

Ұшақ ұшар алдында бортсерік Хабибтен орнын ауыстыруды сұраған. Алайда, Нұрмағамедов орын ауыстырудан бас тартқан соң, стюардесса қызметкерді шақырып, ол Хабибті рейстен түсіруге мәжбүр болған.

Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда стюардесса Нурмагомедовке авариялық шығу жолы жанында отыруға рұқсат бере алмайтынын айтып, рейстен түсірумен қорқытқан.

"Бұл әділетсіздік. Мен орнымды ауыстырып, әрі-бері жүрмеймін", – деп жауап берген спортшы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер