Швейцария Путин мен Трамп кездесуін өткізуге дайын

1393
Adyrna.kz Telegram
Фото: Mikhail Metzel/ITAR-TASS/imago
Фото: Mikhail Metzel/ITAR-TASS/imago

Швейцария билігі Владимир Путин мен Дональд Трамп кездесу өткізетін болса, оны ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігінің өкілі Николя Бидо Le Temps басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дипломаттың айтуынша, Швейцария АҚШ пен Ресей көшбасшыларының саммитін өткізуге дайын. Бірақ бұл бастаманы ел өз мойнына алмайды. Егер тараптар өтініш білдірсе, Берн оларды қолдауға әзір.

"Бюргенштокта өткен саммиттен кейін біз Украина, Ресей және АҚШ тараптарын тұрақты түрде бейбітшілік орнатуға бағытталған дипломатиялық күш-жігерімізді қолдауға дайын екеніміз туралы хабардар етіп отырдық", – деді Бидо.

9 қаңтарда Дональд Трамп Путинмен кездесу ұйымдастыру жоспарын жариялады.

"Бұл қанды қырғынды тоқтатуымыз керек", – деп мәлімдеді АҚШ-тың болашақ президенті. Трамп 20 қаңтарда қызметіне кіріседі.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков алдын ала шарттардың қажет емес екенін, Кремльдің диалог арқылы мәселелерді шешуді құптайтынын айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер