Саясат
25.04.2024
Жаңалықтар
Президент ассамблеядағы сөзін тіл мәселесінен бастады
Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында айтты, деп хабарлайды “Адырна”  ұлттық порталы.  «Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұ..
25.04.2024
Саясат
11 жыл бұрынғы сапарын еске алған Кэмерон не айтқысы келді?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Дэвид Кэмеронға ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беру тұрғысынан мәні зор екенін айтты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. “Біздің маңызды стратегиялық серіктесіміз – Ұлыбританиямен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңіліміз тола..
24.04.2024
Саясат
«Қандастар грантын көбейту қажет». Істің шешімі неде?
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бастап шетелде тұратын қандастардың білім алу жағдайын қарастырып қойған. Өзге елдегі қандас бауырларымыз мектеп бітірісімен мемлекет ұсынған арнайы дайындық курстарын өтіп, қалаған оқу орнына грантқа түсе алады. Алайда, қазір аталмыш білім грантының саны, бөлінуі, жүзеге асырылуы өзекті тақырыпқа айналып отыр. «Адырна» материалында сарапшылармен бірге мемлекеттен шетелдік қазақтарға берілетін грант жүйесін сара..
24.04.2024
Жаңалықтар
Тасқындар мен Ағындар командасы. Су басқан өлкеде 400-ден аса әйел босанды
Табиғи апат кезінде су басқан елді мекендерден 422 жүкті әйел эвакуацияланып, 405 әйел аман-есен босанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеп. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиеваның айтуынша, барлық сәбилер мен аналар патронаждық қызметтердің қамқорлығына алынған. Айтуынша, медициналық көмектің барлық түрлерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жедел медициналық көмек қызметтерінің, ..
24.04.2024
Жаңалықтар
Көріпкелдің айтқаны Бишімбаевтың анасына тірелді
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқанында Қуандық Бишімбаевтың көмекке жүгінген көріпкелі Гүлнар Ережепова сотта жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Жауап алу кезінде көріпкел мынадай маңызды жайттарды баяндады: “Бишімбаев маған сол күні кешке дейін ішімдік ішіп, кейін төбелес шыққанын айтты. Ол әйелінің жағдайын сипаттауда тым сақтықпен сөйледі. Өз-өзіне ұқсамады. Дауыс ырғағы да басқаша ..
24.04.2024
Жаңалықтар
Ұлыбритания сыртқыісмині ОА елдерімен келіссөздің басым бағыттарын атап өтті
Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Орталық Азия (ОА) елдері үкіметтерінің өкілдерімен келіссөздер барысында сөз қозғайтын басым тақырыптарды атады. Дипломат үш салаға назар аударатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Independent сайтына сілтеме жасап. Дипломат үш салаға назар аударады: жаһандық тәртіп, экономика және білім. Біріккен корольдіктің бұрынғы премьер-министрі қазіргі әлемде көптеген мемлекеттер жалғыз ..
24.04.2024
Жаңалықтар
Иран президенті "жаңа шабуыл болса, Израильді жойып жібереміз" деп қорқытты
Иран президенті Ибрахим Раиси "егер Израиль Иран аумағына агрессия жасаса, жойып жібереміз" деп қорқытты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы IRNA ақпарат агенттігіне сілтеп. Ибрахим Раиси Пәкістанның Пенджаб қаласының элитасымен кездесуінде: «Егер Израиль режимі тағы да қателесіп, қасиетті Иран жеріне шабуыл жасаса, жағдай басқаша болады және бұл режимнен бірдеңе қалар-қалмасы белгісіз», - деді. . Президент сәуір айының басында Иранның Сирияд..
Тағы жүктеу