Қарағандыда караоке-клубта атыс болып, жас жігіт оққа ұшты (ВИДЕО)

5417
Adyrna.kz Telegram

Қарағандыда караоке-клубта атыс болып, салдарынан 23 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиға орнына видеолар жариялауда. Бейнежазбаға қатысты Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жанжал клубқа келуші мен күзетшінің арасында туындаған.

- 3 қаңтарда сағат 02.00-де келуші мен караоке-клуб күзетшісінің арасында жанжал туындады. 23 жастағы қала тұрғыны "жамбас тұсынан оқ жарақаты" диагнозымен медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Караганда | Новости (@vkaragande.kz)

Жанжалға қатысқандар анықталып, қару тәркіленді. Әрқайсысының жасалған қылмыстағы рөлін анықтау мақсатында жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер