Мыңдаған адам Ердоғанның отставкаға кетуін талап етті

2581
Adyrna.kz Telegram

Түркияның оңтүстігіндегі Мерсин қаласында лира бағамының рекордтық деңгейде құлдырауына байланысты Президент Тайып Ердоғанның отставкаға кетуін талап еткен мыңдаған адам шеруге шықты деп  хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түркияның негізгі оппозициялық республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароглу түрік азаматтарын, соның ішінде бұрын қазіргі Президентке дауыс берген азаматтарды бірігуге шақырды.

"Жеңіске жету үшін біз сайлауға барамыз және жәшіктердің қасында тұрып бұл диктатураны құлатамыз. Мен сіздерге сөз беремін", - деді оппозиционер.

Ал өз кезегінде Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы Сииртте жақтастары алдында сөйлеген сөзінде оның митингісіне оппозиция митингісінен гөрі көп адам келгенін айтты.

Президент азаматтарды ұлттық экономикаға деген сенімді сақтауға шақырып, жағдайды тұрақтандыруға уәде берді. Оның айтуынша, бағаның көтерілуіне әлемдік нарықта шикізат бағасының өсуі себеп болған.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер