"Керек болса молаларды бульдозермен қиратамыз"

7761
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы Райымбек ауылдық округінің тұрғындары зират аумағындағы құрылысқа наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп. Бұл туралы Астана телеарнасында айтылды. 

Адамдардың айтуынша, зират жанындағы жердің иесі пайда болған. Ол онда тұрғын үйлер салуды көздеп отыр.

«Олар үй салуды бастайды. Ал мұндай зираттың айналасында мейлі бұл қоғамдық орын болса да, санитарлық аймақ болуы керек. Әр жағында адам аяғы баспайтын 300 метр болуы керек. Бұл учаскелер қалай сатылмақ?» - деді Жаңатұрмыс ауылының ақсақалы Халид Хасанов.

Жаңа қожайын зиратқа жақын нысанды салуға ниетті. Ол қазірдің өзінде зираттарды қазуды бастап кеткен. Жақын ауылдар тұрғындарының наразылығын туғызған кезде, егер адамдар оның жұмысына кедергі жасаса, құрылысшы тіпті қабірлерді қазамын деп қорқытты.

«Бұл өзін-өзі құрдымға жіберуден басқа ештеңе емес. Бұл жер кеңес дәуірінде зиратқа бөлінген. Территория қоршалған. Ал олар келіп қазуды бастады. Және олар мұны түнде, барлық адамдар ұйықтап жатқанда жасайды. Адамдар олардан не істеп жатқандарын сұрап бастады Ал олар: "бұл сіздің шаруаңыз емес, керек болса молаларды бульдозермен қиратамыз", дейді. Өзін осыншалықты дөрекі ұстауға бола ма екен? - дейді жергілікті тұрғын Ғалымжан Сырлыбаев ашулы күйде.

Белгілі болғандай, зират аумағы несиеге кепіл ретінде аукционда сатылған. Бірақ бұл жерді сату заңсыз, дейді ауыл тұрғындары.

Жаңатурмыс ауылының тұрғыны Садық Майденов: «Біз қазір мүрделерді пешке жағамыз ба, әлде не? Шенеуніктер тек ақшаны ғана ойлайды. Олар заңнан да, Алладан да қорықпайды» дейді.

Оқиға орнына келген шенеуніктер жердің қалай кепілге қойылғанын және қазір кімге тиесілі екеніне жауап бере алмады. Олар мәселені шешуге уәде берді.

«Енді біз тұрғындардың өтініштерін қабылдаймыз, оларды кадастр бөліміне және жер комитетіне жібереміз. Ал бізге олардың жер учаскесі немесе қабірінің шекарасы орналасқан жер телімін түсіру тапсырылады», - деді Райымбек ауылдық округінің әкімі Елжан Төленбаев.

Шенеуніктердің айтуынша, комиссия бір апта ішінде құрылады. Жергілікті тұрғындардан жағдайды ушықтырмауды сұрады. Ауыл тұрғындары тіпті қайтқан туыстарының жан тыныштығы бұзылмауы үшін бульдозерлердің астында жатуға дайын екендіктерін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер