Алматыда мектеп директоры ұлын заңсыз жұмысқа алғаны үшін сотталды

1947
Adyrna.kz Telegram

Алматыда ұлын жұмысқа алған  директор сотталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық рухына сілтеп.

Ол баласын лаборант лауазымы бойынша тіркеп, бюджет қаражатын ұрлаған. Ол Алматы облысы Балқаш ауданының мектебінде еңбек еткен.

2022 жылдың тамызында сотталушы Балқаш ауданы мектебінің бірінде директор қызметін атқарған. Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

«Сот директорды кінәлі деп таныды және ұрланған мүліктің 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, яғни, 9 миллион теңге, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару не белгілі бір кәсіптік не өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды», - деп хабарлады аймақтық соттың баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер