Күшіне енгеннен кейін. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция жарияланды

958
Adyrna.kz Telegram
Фото: Adyrna.kz
Фото: Adyrna.kz

16 маусым Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енген күні заңға қарсы петиция пайда болды. Бұл туралы epetition.kz  порталында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, петиция авторлары әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдарға тосқауыл қоюды талап етті.

Авторлар қабылданған заң дәстүрлі тәрбие беру үдерісін криминализациялайды, билік азаматтардың жеке істеріне араласады, ал ата-аналардың көпшілігі соның кесірінен айыппұл төлеп, есепке алынып, тіпті ата-ана құқығынан айырылады деп санайды.

“Мен Қазақстанда зорлық-зомбылықпен күресу деген желеумен ата-ананы кінәлі ететін презумпцияға жол беретін, ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – лоббистік қылмыскерлер емес. Бұл заңды бұғаттауды талап етемін”, делінген петиция мәтінінде.

Сондай-ақ петиция авторлары жауапкершілік «балаларды дәстүрлі емес жыныстық ориентацияға бейімдеу» үшін жасалған деп санайды.

Айта кетейік, 16 маусым күні Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң күшіне енді.

Пікірлер