Эксперттер Байденге Кабулде теракт болуы мүмкін деген хабар жеткізді

2626
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың барлау қызметі мен әскери эксперттері бүгін 23-24 сағаттың ішінде Байденге Кабулде теракт болуы мүмкін деген хабар жеткізді. Бұл хабар жайында АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеме жасады.

«Ауғанстан астанасы Кабулде Талибан радикалды қозғалысының тарапынан үлкен теракт күтілуде. Бұл жолғы қауіптің ауқымы да жоғары. АҚШ-тың ұлттық барлау қызметі бізге осындай ақпараттарды жедел жеткізіп отыр»,-деп хабар таратты Ақ Үйдің  ақпарат қызметі.

АҚШ-тың барлау қызметінің болжауынша, алдағы уақытта болатын террористтік әрекеттер «Ислам мемлекеті – Уалият Хорасанның» тарапынан іске асуы мүмкін. Бұл ұйымның тарапынан болған терактілерден осы уақытқа дейін Кабулдың өзінде 13 америкалық әскер қаза тапқан. Джо Байден қаза болған америкалық әскерилерді де атап өтті.

Дәл қазір АҚШ-тың Кабулдың үстінен ұшып жүрген барлаушы дрондары Кабулды бақылауға алып, террористтік топтардың әрекетін аңдып, хабарлар жіберіп отыр. Бұл АҚШ-тың Ауғанстандағы ең соңғы барлау әрекеті емес деп атап кетті АҚШ президенті.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер