Қытай компаниясы Жылыойда ірі барлау жобасын бастамақ

1276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/img_7393-960x500.jpeg?token=b989e3cc76652e39d24a100a5a249ce1
Атырау облысындағы Жылыой учаскесінде мұнай мен газды бірлесіп барлау жобасы бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың жетекші энергетикалық корпорациясы — China National Offshore Oil Corporation International Limited (CNOOC) тарихи келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл келісімдер Астанада өткен жоғары деңгейлі кездесуде рәсімделіп, қаржыландыру және бірлескен қызмет туралы екі негізгі құжатқа қол қойылды. Жоба Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде, мұнай мен газға бай деп есептелетін транзиттік аймақта орналасқан Жылыой учаскесінде жүзеге асырылады. Көлемі шамамен 960 шаршы шақырым болатын бұл аумақ бүгінде Қазақстандағы аса әлеуетті геологиялық нысандардың бірі саналады. Жоба «50/50» қағидатына негізделгенімен, барлық барлау шығындарын қытайлық тарап өз мойнына алады. Жоспарға сәйкес, алдымен сейсмобарлау жүргізіледі. Кейін тереңдігі 2 шақырым болатын бір барлау ұңғымасы бұрғыланады. Ал келесі кезеңде 4,5 шақырымға дейін жететін тұзасты қабатына бұрғы салынбақ. Айта кетейік, Жылыойдағы бірлескен кәсіпорын 2023 жылдың қазан айында құрылған. Жоба шарттарын бекіту жолындағы келіссөздер Қазақстанда ғана емес, Қытайда да өткен.
Комментарии