Маңғыстау төтенше жағдайларға дайын ба?

2225
Adyrna.kz Telegram

Қазақ «Апат айтып келмейді» деп текке айтпаған. Өткен жылы Маңғыстау облысының бірқатар ауданында болған табиғи апаттар халықты есеңгіретті. Биыл төтенше жағдайдың алдын алу бойынша қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын алу үшін «Адырна» тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мұрат Мұхановпен тілдесті.

Ел ішінде табиғи және техногендік апаттардың алдын алу бойынша қандай шаралар ұйымдастырылып жатыр?

– Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көптеген профилактикалық үгіт –насихат жұмыстарын жүргізеді, яғни телеарналарда тікелей эфирде бағдарламаларға шығады, өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін, сонымен қатар, табиғи және улы газдан адамдардың улануының алдын алу мақсатында, тұрғын үйлерді, теңіз жағалауларын аралап, жаднамалар таратады. Қауіпсіздік ережелері БАҚ беттеріне шығарылады, радиода аудиолар жіберіліп, радиода тікелей әфир арқылы жеткізеді. Брифингтер ұйымдастырылып, телеарналардың қатысуымен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Сонымен қатар жыл сайын Білім беру басқармасымен бірігіп «онлайн» режимінде интерактивті сабақтар жүргізіледі.
Департамент тарапынан санаттар бойынша бөліп, дәрістер оқылады.

– «Облыс төтенше жағдайларға дайын» деп айтуға толық негіз бар ма?

– ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес, облыста төтенше жағдайлар орын алу қаупі бар мәселелер бойынша, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жоспарлы түрде әрбір тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай жоспардан тыс Маңғыстау облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді.
Сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде шекаралас аймақтармен бірлесе әрекет ету, төтенше жағдайларға әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз етудің аумақтық жоспарлары бекітіледі.

Жаңаөзен қаласы бойынша қазіргі таңда жоспарланған дренаж жүйесінің құрылысы 100% аяқталды (жалпы ұзындығы 22 шақырым).

Мұнайлы ауданында жергілікті бюджет есебінен 5440 м. дренаж жүйесінің құрылысы жүзеге асырылды, оның ішінде Басқұдық ауылында-724 м, Атамекен ауылында-4716 м. әрқайсысы өнімділігі 40 м3 болатын 4 құдық және 6 сорғы қондырғысы орнатылды. Жиналған сулар Басқұдық ауылынан су айдау насосы арқылы Қошқар ата көліне, Атамекен ауылынан Заозерный елді мекенінің жанындағы «Оймашы» көліне жіберіледі. Қазіргі уақытта жұмыстар су басудың негізгі учаскелерінде жүргізілді. Нәтижесінде елді мекендердің 17 көшесінде су басудан 500-ге жуық үйдің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Халық пен аумақтың көктемгі кезеңдегі ТЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдау мақсатында Департамент мынадай жұмыстар жүргізуде:

– «Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары» жасақталды және облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді;
– «Нөсер жауындағы қарғын судан елді мекендерді, автомобиль және темір жолдарын қорғау бойынша күштер мен құралдардың, суағар құрылыстарының дайындығы туралы» мәселесі бойынша Облыстық ТЖ комиссиясының отырыстары өткізіліп отырады. Нәтижесінде жергілікті қала және аудан әкімдіктеріне, тиісті мемлекеттік органдармен кәсіпорындарға Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар, (құм салынған) қоры дайындалады және жанар-жағармай үшін шарттар, тамақтану үшін шарт бар.

Облыс бойынша барлық автожолдарда және темір жолдарда су өткізу құрылыстары бар. Жыл сайын тиісті мердігер мекемелер су өткізу құрылыстарына тазарту жұмыстарын жүргізуде.
Департаментпен авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге адам, техника, мотопомпалар және жүзу құралдары дайын.
Сонымен қатар, республикалық және облыстық көлемде өткізілетін оқу- жаттығуларда жеке құрамның біліктілігі арттырылып, жұмылдырылатын техникалар саны шығарылып, құзырлы органдармен жасалатын жұмыстардың өзара іс-әрекеттері жетілдіріліп отырады.

Негізінде, облыста қыс кезі қарсыз өтеді. Алайда, облыста қар басу қауіпті аймақтар енгізілген. Қар құрсауында қалуы мүмкін адамдарға арналған республикалық және облыстық автожолдарда жылыту пункттерінің саны нақтыланып отырады (Облыста 12 қар басу қауіпті аймақ бар. Қар құрсауында қалуы мүмкін адамдарға арналған 20 жылыту пункті жұмыс жасайды, оның ішінде республикалық автожолдарда – 13, облыстық автожолдарда – 7). Маңғыстау облысы аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, күштері мен құралдары төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстарын жүргізуге толыққанды дайын.

Төтенше жағдайлар дайындығына қызметкерлердің де білімділігі де әсер етеді.
2018 жылы Баутино портында «TENIZ – 2018» халықаралық кешенді жаттығуы өткізілді, онда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерінен басқа Каспий жанындағы мемлекеттердің төтенше жағдайлар бөлімшелері қатысты (РФ, Әзірбайжан Республикасы, Түркменістан Республикасы). Қарау үшін Катар мемлекетінің өкілдері қатысты.

2021 жылғы 30 шілдеде Ақтау қаласында «Приморский-1» шағын ауданында жаңа суда құтқару станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Суда құтқару станциясы Ақтау қаласындағы ең заманауи бекет болып табылады. Каспий теңізінің ұзындығын ескере отырып, төтенше жағдайларға тұрақты әзірлікті және жедел ден қоюды қамтамасыз ету үшін суда құтқару станциясын салу қажеттілігі туындады. Теңіз жағасында көптеген демалыс аймақтары мен базалары бар.

Жедел-құтқару жасағы құтқару катерлерімен, сүңгуірлік және суда құтқару жабдықтары мен керек-жарақтарымен жабдықталған.

Маңғыстау облысы аумағына 4 өрт сөндіру депосы жеткіліксіз (Ақтау қаласына - 2; Түпқараған ауданы, Сайын Шапағат ауылына - 1; Мұнайлы ауданы, Батыр ауылына - 1).
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Жаңа өрт сөндіру депосы 2020 жылдың 25 желтоқсанында Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында ашылды. Жаңа өрт сөндіру депосында 58 кәсіби өрт сөндіруші қызмет етеді. Өрт сөндіру депосы жалпы ауданы 8000 ш.м. жер учаскесінде орналасқан. Өрт сөндіру бөлімшесі 36 019 адам және 4573-тен астам тұрғын үйі бар Басқұдық ауылының елді мекен тұрғындарын өрттен қорғауды қамтамасыз етеді. Мұнайлы ауданының тұрғындары үшін өрт сөндіру депосын ашудың маңыздылығы зор.

Керемет! Ал облыста қауіптің алдын алу үшін нақты қандай шаралар атқарылып жатыр?

Облыс көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. Атап айтқанда:
- су тасқының алдын алу үшін су ағарлармен, арықтар тазартылады. ТЖ кезінде қолданатын инертті материалдар, жанар-жағармай, резерв қаражат қорлары, эвакуацияланатын паналар әзірлікке келтіріледі;
- биылғы су тасқыны кезеңінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін 1670 тоннадан астам инертті материалдар, 3290 қап (құм салынған) қоры және жанар-жағармай үшін 19 ниет-шарт, тамақтану үшін 124 шарт дайындалды. Облыс бойынша барлығы 1336 (автокөлік жолында 783, темір жолда 583) су өткізу құрылыстарына тазарту жұмыстары жүргізілді;
- өрт қауіпті кезеңде дер кезінде ТЖ-ға әрекет ету мақсатында ғарыштық мониторинг арқылы бақылау жүргізіледі;
- өрт қауіпті, суға түсу маусымы, жылыту маусымы кезеңдерінде күнделікті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Аталған шараларға мемлекеттік емес және волонтерлық ұйым өкілдері, БАҚ өкілдері, жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылады.

Сонымен қатар, аз жұмылдырылған топтарға, яғни, аз қамтылған отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты зейнеткерлерге көп назар аударылды, осыған орай тұрғылықты жерлері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жыл сайын жаз мезгілі басталуымен Каспий теңізі жағалауына демалысқа келетін қыдырушылар саны да артып отыр.
Осыған орай шомылу маусымында статистика бойынша судағы қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан қаза болғандар саны және зардап шеккендер саны артады.
Күнделікті Департаменттің құрылымдарымдық бөлімшелермен шомылу маусымына дайындық кезінде және шомылу маусымы кезінде тұрғындарды және қонақтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кең ауқымды үгіт –насихат жұмыстары жүргізіледі.
Шомылу маусымы басталғаннан бастап Жедел-құтқару жасағының (ЖҚЖ) күштері қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды. Суға түсу үшін қауіпті учаскелерде кезекшілікті жүзеге асыратын 5 мобильді бекеттер ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, күн сайын Департаменттің құрылымдылық жергілікті және ведомстволық күшімен су маңында көпшілік демалатын орындарға патрульдеу және рейдтер жүргізіледі.
Осыған байланысты, Департамент, Жергілікті полиция қызметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан 6656 әскери бөлімшесі арасында үш жақты «Рейдтер мен патрульдеу өткізудің жоспар-кестесі» жоспарына қол қойылып, бекітілген уақытқа сәйкес рейдтік жұмыстар жүргізіледі.
2021 жылдың 7 айы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында 868 (2020 - 602) сөз сөйлеу ұйымдастырылды, оның ішінде теледидарда – 152 (2020 - 99), баспа басылымдарында – 214 (2020 - 183), ақпараттық агенттіктерде – 380 (2020 – 256), радиоэфирде – 122 (2020 - 64).
Дауыс зорайтқыш арқылы -974 рет (2020 жылы –209 рет) жеткізілді.
Әлеуметтік желіде барлығы 1510 (2020 жылы - 453) шықты.

Бүгінде (2021 жылдың 7 айы бойынша) "ҚазТрансГазАймақ" АҚ және "РЦКУ-Актау" ЖШС мердігерлік ұйымдарының мәліметіне сәйкес, облыс аумағындағы тұрғын үйлер мен пәтерлерде барлығы 2 841 газ талдағыш құрылғылары орнатылған.

Бұдан бөлек, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу шеңберінде қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаражаты есебінен облыста халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 985 газ талдағыш құрылғылары орнатылды (оның ішінде Қарақия ауданында-300, Түпқарағанда – 200, Маңғыстауда – 15, Бейнеуде-470).
Сонымен қатар, облыстың қалалары мен аудандарында жалпы сомасы 22 млн.713 мың теңгеден асатын 2 310 газ талдағыш датчиктерін қосымша орнату жоспарланып отыр. (Мұнайлы ауданында – 10 млн.800 мың теңге сомасына 1200 дана, Түпқараған ауданында – 1 млн. теңге сомасына 150 дана, Маңғыстау ауданында-1 млн. 600 мың теңге сомасына 160 дана., Ақтау - 759 8 млн 329 мың теңге сомасына., Жаңаөзен – 41 984 мың теңге сомасына.).

Биыл 7 айдың ішінде өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу мақсатында, оның ішінде жылыту маусымы кезеңінде 244 мыңнан астам (244 908) адамды қамти отырып, 49 мыңнан астам (49 500) тұрғын үй секторын аралау өткізілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбына жадынамалар, буклеттер және нұсқаулықтар таратылып, 2 430-дан астам адамды қамти отырып, 18 жиналыс және халық жиыны ұйымдастырылды, 66875 жаднама таратылды.

Суға шомылу маусымының өткен кезеңінде судағы қауіпсіздік шаралары туралы барлығы 75 мыңнан астам дана (75 370) үгіт-насихат өнімдері таратылды.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін халықты жұмыспен қамту орталығынан қоғамдық-ерікті жасақ еріктілерінің 30 адамы қатысқанын атап өткен жөн, сондай-ақ күн сайын үкіметтік емес ұйымдардан 817 волонтер тартылды.
Қалалар мен аудандар әкімдіктері жағалау аймақтарында қаза болғандар мен зардап шеккен адамдардың статистикалық деректері көрсетілген 26 тыйым салу белгілері мен 30 стенд орнатылды.

Теңіздегі құқықтық тәртіп мәселелерін жергілікті полиция қызметі бақылайды, олармен бірге 359 рейд жүргізілді.

Қазіргі таңда облыстағы өрт сөндіру қызметінің иелігінде қанша техника бар?

Облыс аумағында тұрғындарды және түрлі шаруашылық жүргізу субъектілерін қорғау мақсатында 12 өрт сөндіру бөлімі (3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және 9 өрт сөндіру бөлімі) жұмыс жасауда.

Күні бүгінде Қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіру және құтқару автомобильдері паркінде түрлі функционалдық мақсаттағы 117 бірлік техника бар.

2020 жылы республикалық бюджет есебінен 4-бірлік АЦ-5-40 Камаз-43253, 1-бірлік АЦ-5-40 Камаз-43118 және 1-бірлік АЛ-32 Камаз-43253 сатып алынды. 2021 жылы жергілікті атқарушы органмен 1 бірлік автоцистерна (АЦ-5-40) және 1 бірлік автосаты (АЛ-32) алынды.

Қызмет бөлімшелері 2021 жылдың 1-жартыжылдығында дабыл бойынша 742 рет шығуды жүзеге асырды. Өрт сөндіру кезінде 9 адам құтқарылды (2020 жылдың ұқсас кезеңінде – 9), 281 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Сұқбатыңызға рақмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Әңгімелескен Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер