Үш жылда АҚШ пен Еуропаның жігі ажырады. Ал Зеленский екі майданда соғысып жатыр

2996
Adyrna.kz Telegram

Ресей Украина жерін басып алғаннан кейінгі бітімге бағытталған әрекет қаншалықты жемісті болады? Ара жігі ажыраған тараптардың ендігі қадамы қандай? Қазақстанға, аймақ елдеріне әсері қандай? Украина соғысы жайлы сұрақтарға сарапшы жауап береді.

Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 3 жыл толды. Осы 3 жылда Украина әскері мен халқы басқыншыларға қарсы күш біріктіріп, әлемнің екінші әскері саналатын Ресейге тегеурінді қарсылық көрсетті. Кремльдің «Украина жерін 3 күнде аламыз» деген пропагандасы желге ұшты. Осыдан туындаған сұрақтарға саясаттанушы Нұрболат Нышанбай жауап берді.

Бұл соғыстағы ең басты назар аударатын тұс деп нені айтасыз?  

– Соғыстың алғашқы екі айына ерекше назар аударуымыз керек. Себебі 2022 жылдың ақпан мен сәуір аралығында Ресей тарапы толықтай шабуылға шыққан болатын. Сол кезде ие болған 19,6 Укриананың жері сол күйінде қалды. Яғни, 2022 жылдың сәуірінен кейін, территориялық ауқымды аймаққа ықпал ете алмады. Қазір Ресейдің бақылауында 6 млнға жуық халық тұратын Украинаның 20 пайыздық территориясы бар.  

Одан кейінгі кезеңдердің бәрі бірқалыпты екі тараптың бірдей жасаған шабуыл - қорғанысымен жалғасып тұр. Соғыс созылған сайын екі тараптың мақсаты айқын болмай барады. Мәселен, Ресей қазір соғысты бастағандағы әу бастағы мақсатын ұмытып қалды десе де болады. Әуелде Ресей Украинаның НАТО әскери одағына кірмеуін талап етіп және орыс тілді азаматтарды қолдау секілді ұрандармен Украина жеріне кірсе, қазіргі таңда олардың мақсаттары өзгеріп жатыр. Тіпті ең бірінші айларда Украина жеріне шабуылды соғыс деп атамай, арнайы әскери опперация деп атаған болатын. 2023 жылдан бастап қана соғыс деген этапқа өтті.

Кейін Байден әкімшілігі ашықтан-ашық Украинаны қолдауға көшіп, Украина әскері Курск облысына шабуыл жасап және Солтүстік Кореяның 11 мың әскері кірген кезде Ресей үшін соғыс кезеңіне өтті десек болады.

Бұл соғыстың қорытынды кезеңі туралы айтуға әлі ерте. Десек те Америкада жаңа президенттің билікке келуі бұл соғыстың тағдырына да әсер етіп отыр. Қазіргі таңда Украина президенті Владимир Зеленский бір тараппен қарумен соғысып жатса, екінші тараппен ақпараттық майданда соғысып жатыр. Жалпы осы 3 жылдық соғыс ешкім болжап білмеген кезең-кезеңмен дамып келе жатыр. Бірақ қазіргі таңда біздің анық көріп отырғанымыз, Америка тарапы Украинада президент сайлауын өткізуді талап етіп отыр. Мәселе президент сайлауында емес, Трамп әкімшілігі үшін ең басты мәселе Зеленскийден құтылу болып отыр. Менің ойымша, бұл – Ресейдің Еуропадағы ықпалын артыру үшін болып жатқан мүдделер қақтығысы.

Украина жерінде өтіп жатқан соғыс Қазақ еліне нені түсіндірді немесе түсіндіруі керек деп ойлайсыз? 

– Ресей мен Украина соғысы Қазақ еліне ғана емес, аймақтағы посткеңестік елдердің бәріне сабақ болғандай. Менің ойымша, бұл оқиғадан әр мемлекет өзіне тиімді сабақ алып, басқалардың қателігін қайталамау керек. Мен осы ретте Балтық елдерінің саясатына ерекше назар аударғым келеді. Қазақстан Балтық елдерінің тәжірибесін ескеруі керек. Аталған мемлекеттер Ресей газынан бас тартып отыр. Олар өздерінің байланысын Ресеймен шорт кесті десек те болады.  

Ал Қазақстан алып державаларға иек артпайтынын және оларға сенімнің негізсіз екенін сезінгендей болды. Менің ойымша, Қазақстан 1990 жылдардан бері жалғастырып келе жатқан көпвекторлы балансқа негізделген саясатын жалғастыра береді. Себебі осы соғыс көпвекторлы саясаттың тиімділігін көрсетті. Екіншіден, алып деңгейдегі державаларға емес, орта деңгейлі мемлекеттермен байланысты арттыруды түсіндірді. Қалай болғанда да орта державалы елдер, яғни мұнай экспорттайтын және экономикалық тұрғыдан орта ықпалға ие елдердің қандай да бір қақтығыста бейтарап қалуға мүмкіндігі жетеді. Бір сөзбен айтқанда Қазақстан үшін өңірдегі державалармен жұмыс жасауда бұл соғыс сабақ болып жатыр.

Қазіргі таңда соғысты аяқтау келіссөзі туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ресей мен Укриананың соғысы қалай аяқталуы мүмкін? 

– Қазіргі таңда келіссөздер туралы нақты бір нәрсе айту қиын. Себебі болжамдардың өзі бір-біріне қарама-қайшы болып жатыр. Бірақ мына бір дүние айқын болып келе жатыр. Америка мен Еуропаның Украина бойынша ұстанымы екіге бөлінді. Бұл – ақиқат. Себебі Мюнхен қауіпсіздік конференциясында АҚШ-тың вице-президенті Вэнстің Еуропа елдеріне қарата айтқан сындары соңғы 50 жылдағы трансатлантикалық байланыстың арасына сызат түсірді.

Менің ойымша, Украина өзінің алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын анықтады. Алдағы уақытта ол Еуропа елдері секілді дамыған мемлекетке айналғысы келеді. Ұлыбритания, Германия, Франция секілді мемлекеттермен байланысын одан ары қарай арттыра беретін болады. Ал Еуропада Американың ықпалы төмендейді.

Бұл соғыста орасан зор шығын шығарған Ресей  символикалық тұрғыдан жеңіспен шыққысы келеді. Менің ойымша, екі тарапқа да тиімді сценарий бар. Украинаға Еуропа тарапынан қауіпсіздік кепілдігін бере отырып, территориялық бөліністі қазіргі аймақ деңгейінде шешу болып отыр. Сонымен қатар Киевті НАТО-ға қосылмайтындай етіп құжатқа қол қойдыру жағы қарастырылады. Себебі НАТО-ға мүше мемлекеттер арасында дағдарыс бар. Америка мен Еуропа елдерінің ішінде жаңа мүшелерге деген ортақ түсінік болмай тұр. Сондықтан қазіргі таңда НАТО-ға жаңа мүше қабылданады дегенге сену қиын.

Зеленский «Қауіпсіздік кепілдігін берсе, президенттік қызметімен кетемін» деп жатыр. Қауіпсіздік кепілдігі дегенді нақты түсіндіріп беріңізші. Оның ішіне не кіреді?  

– Иә, расында Владимир Зеленский қауіпсіздік кепілдігін көп талап етіп жатыр. Бірақ бұл қауіпсіздік кепілдігі дегеніміз – Будапешт келісіміндегі құжат па немесе жаңадан әскери база құру жүйесі ме? Менің ойымша, қауіпсіздік кепілдігі жөнінде тараптардың көзқарасы әртүрлі секілді. 

Негізі қауіпсіздік кепілдігі дегеніміз – Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея арасындағы әскериленген қауіпсіздік аймағын қалыптастыруға бағытталған әрекеттер. Бұл дегеніміз – Ресей мен Украинаның шекарасына Еуропаның әскері келіп, бітімгершілік миссия атқаруы мүмкін. Яғни, Зеленский БҰҰ әскерімен біртұтас аймақ қалыптастыруды қалап отыр. Себебі 2014 жылы басталған соғыс 10 жылдан астам уақыт бойы созылып келе жатыр. Алдағы уақытта қандайда бір қақтығыс қайталанбау үшін бұл мәселенің маңызы зор.

Бір сөзбен айтқанда әскери қауіпсіздік дегеніміз – бейтарап аймақ қалыптастыру болып отыр. Шекара аймағына Германия, Франция, Ұлыбритания, Түркия және БҰҰ әскері барып орналасуы мүмкін. Осы әскер Украина жеріндегі тыныштықты қамтамасыз етуі тиіс.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер