Қазақтың Орта жүзінің рулары жайындағы Қытайдың деректері сөйлейді

9351
Adyrna.kz Telegram
1758 ЖЫЛҒЫ ҚЫТАЙ ДЕРЕГІ, ОРТА ЖҮЗ РУЛАРЫНЫҢ САНЫ
Цин ордасындағы деректе "орта жүзге тарақты, арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, төлеңгіт кіреді" деген, бірақ қоңырат ұлысы туралы айтылған емес. Анығында, қоңыраттардың 10 мың адамы 1749 жылы орта жүздің орталығы Түркістан маңын мекендеген, Барақ сұлтанды өзіне басшы еткен.
Төлеңгіттер бұл дерек бойынша Тәуке ханның заманында Алтайдан ойрат қысымы себебінен бері ауған сияқты. Төлеңгіттер 1 мың отбасы делінген. Төлеңгіттер басында бөлек ұлыс ретінде есепке алынса, кейін санының азаюына байланысты, тұқым-тек жағынан жақындығына, орданың жеке адам күшін қажетсінуіне байланысты төрелерге қосылған сияқты.
Тарақтылардың арғындар құрамына кіруі 19 ғасырда болған сияқты. Тарақтылар 400 түтін деп жазылған.
Қыпшақтар әсілі түтін саны бұдан әлде қайда көп болуы керек, бұл тек солтүстік жақтағы қыпшақтар болуы мүмкін. Қыпшақтар 3 мың түтін делінген.
Уақ ұлысы маньчжур, орыс деректері бойынша уақ-керей (кіші керей немесе ұсақ керей) деп аталады, дербес уақ аталуы кейін болған сияқты. Олардың саны 4 мың түтін деп көрсетілген. Мағжан жырлаған атақты Сары Баян батырға 1 мың түтін уақ қарасты болса, жаңа уақ руына жататын 500 отбасы Сары батырға қарасты делінген, сол Сары дегені Сары Баянның өзі болуы да мүмкін.
Арғын рулары 17 мың 500 түтін болған, бұл тұтастай нақты санақ емес, себебі арғын ол кезде саны ең мол саны мол ұлым болатын, кемінде 30-35 мың түтін бар болуы керек. Арғынның 2 мың түтіннен тұратын қаракесек руын Қазыбек би, 2 мың түтіннен тұратын қанжығалы руын Бөгенбай батыр басқарады делінген.
Найманның түтін саны 28 мың 500 болған, бұған енбей қалған кей рулары бар, мысалы ішінде балталы руы жоқ. Найманның 10 мың түтіннен тұратын қаракерей руын Қабанбай батыр мен Дәулетбай батыр бөліп басқарған.
Ашамайлы керей туралы санақта көрсеткені, 10 мың түтін болғанымен, абақ керей туралы санақ толық емес. Оның үстіне, ашамайлы керей бір тұтас Тұрсынбай батырға қарамаған. Бұл деректе Тұрсынбай батырға қарасты 10 мың түтін ашамайлы керей көрсетілген. Өйткені, абақ керей саны жағынан ашамайлы керейден әлде қайда көп, бұл дерекке тек абақ керейдің шұбарайғыр (Әмірсана қоңтайшының досы Қожаберген батыр шыққан), ителі рулары ғана кірген, екеуі де жеке-жеке 1 мың түтіннен тұратыны жазылған. Сонымен бірге, аты аталмаған абақ керейдің бір руының 500 түтінін Нияз батыр басқарады делінген. Тіпті, қазіргі уақытта Қытайдағы Алтай, Құмыл, Үрімжі, Еренқабырға, Тарбағатай аймақтарының қазағының басым бөлігін абақ керейлер құрайды, ол жақта 1 миллион адамнан асады. Моңғолия қазақтарының, Түркия, Еуропа қазақтарының 90 пайызынан астамы абақ керейлер. ШҚО-дағы Зайсан, Күршім, Аякөз аудандарында да үлкен шоғыры бар.
Бұл деректе, қалған он ата абақ керей кірмеген. Тағы бір маньчжур дерегі бойынша Шығыс Түркістанның солтүстігінде, яғни Жоңғарияда 120 мың түтін адам өмір сүргені айтылған, оның ішінде 6 мың түтін керей болғаны айтылған.
фейсбук парақшасынан 
Пікірлер