Рақымжандар Рейстагқа ту тіккен күн

974
Adyrna.kz Telegram
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

1945 жылы дәл осы күні Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа ту тікті.

Ресейдің Әскери тарих институты 1-і Беларус майданындағы 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны 2007 жылдың 7 мамырында ресми түрде растады.

Рақымжан Қошқарбаевтың тарихи ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеген – мемлекет қайраткері әрі жазушы Кәкімжан Қазыбаев. Ол бұл істі Бауыржан Момышұлының тапсырмасымен қолға алған.

Қазыбаев қазақ жауынгерінің бұл ерлігі ескерусіз қалмауы үшін көп ізденіп, жүзден астам ресми құжаттарды жинақтап, оның тарихи шындық екенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде Қошқарбаевтың ерлігі шетелдік басылымдарда да жария етіліп, халықаралық деңгейде танылды.

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында дүниеге келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, 1944 жылдың қазан айынан бастап 1-Беларусь майданының құрамындағы Идрицк атқыштар дивизиясында 150-ші взводты басқарған. Ол Польша мен Германия аумағындағы ауыр шайқастарға қатысып, батырлық көрсеткен.

Пікірлер