Мейрамбек ЕСТІЛЕУҰЛЫ: Ерiктi болу – қоғамға деген құрметiңнiң белгiсi

1614
Adyrna.kz Telegram

«Көмек» қоғамдық қоры — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белсенді студенттері құрған бірлестік. Басты мақсаты – көмекке зәру барша жанға қол ұшын созып, қайырымды қоғам құру. «Адырна» тілшісі ұйымның экс-президенті Мейрамбек Естілеуұлымен тілдесіп, жүрегі мейірімге толы еріктілер туралы сұрап білді.

Мейрамбек мырза, бұл ұйым қалай және қашан құрылды?

— «Кɵмек» қоғамдық қорының жұмыс жасап жатқанына ағымдағы жылдың 10 қарашасында 11 жыл толады. Ұйымды қарапайым ғана студенттер құрған болатын. 2010 жылы әлеуметтiк жағдайы тɵмен отбасыларға кɵмек беруге, интернат орталығындағы, балалар үйiндегi жасɵспiрiмдердiң дүние танымын жақсы тұсқа ɵзгертiп, олардың қоғаммен байланыста болуын қадағалауға, қарттар үйiндегi қариялардың көңілін аулауға ниетті ҚазҰУ жастары бастарын біріктіріп, белсенді түрде жақсылық жасауды қолға алды. Осылайша бірлестік өз жұмысын бастап кетті. Жыл сайын қатарымыз көбейіп келеді. Қазіргі таңда шамамен 800-ге жуық еріктіміз бар. Мүшелеріміз универ аумағындағы шаруаларға да белсене араласады. Біз, аға буын, ерiктiлерімізді ізгілікке, еңбекқұмарлыққа баулуға барынша тырысамыз.

Осы уақытқа дейін қандай игі істерді атқардыңыздар?

— Қолдан келгенше үлкендi-кiшiлi қайырымдылық жұмыстарын ɵткiздiк. Негiзгi бiздiң миссия жағдайы тɵмен отбасыларға кɵмектесу болғандықтан, Алматы облысына қарасты кɵптеген отбасыларды азық-түлiкпен қамтамасыз етiп, балаларының қыстық, мектепке арналған киiмдерiн алып берiп, қаржылай да кɵмек қолын создық, созып келеміз де. Қаражатты көбіне студенттер түрлі жәрмеңкелер өткізу арқылы жинап жүрді. Біз жатақханада түрлі тәттілерді пісіріп, оларды факультет ішінде сататынбыз. Осылайша өзге жандардың да қайырымдылыққа үлес қосуларына себепкер болдық. Сондай-ақ жыл сайын отандық танымал жұлдыздардың қатысуымен қайырымдылық концерттерiн ɵткiзіп келеміз. Карантин шаралары күшеймей тұрған уақытта Алматыдағы балалар үйiне барып, олармен шығармашылық, рухани бағытта əңгiме-дүкен құрып, бiлгенiмiздi үйретуге, бiлмегенiмiздi олардан үйренуге тырыстық.

Нақты қандай жобаларыңыз бар?

— Жобаларымыз өте көп. Ең ірілеріне тоқталып өткенім жөн болар. Жетім балаларды қолдап, жаңа жыл қарсанына орай олардың тілектерін орындау мақсатында «Charity wish tree» деген жобаны қолға алдық. Әр бала қағазға қалаған затын жазып, сыйлығын күтеді. Ал біз болсақ, қайырымды жандардан көмек сұрап, бүлдіршіндердің кішкентай армандарының орындалуларына күш салдық. Тағы бір жобамыз – «Жарқын жұлдыз». Ол – Алматы қаласының балалар үйі арасында жыл сайын өткізілетін байқау. Сайыста талантты жастар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетеді. Салауатты өмір салтына баулуды да назардан тыс қалдырмадық. «Алтын доп» жобасы аясында жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында кіші футболдан жарыс өткізіп тұрамыз. Негізгі демеушіміз — «Қайрат» футбол клубы.
Тағы бір атап өтетін жайт, осы уақыт аралығында "Көмек" Қоғамдық Қорының "The warriors of Komek" атты лидерлік мектебін аштық.

Университет тарапынан қандай да бір қолдау бар ма?

— Универ тарапынан кɵмек болмайды. "Кɵмек" қоғамдық қорының ерiктiлерi концерттер жəне жəрмеңкелер ұйымдастырып, керек қаражатты ɵздерi жинайды.

Ерікті болудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

— Ерiктi болу – қоғамға деген ɵз құрметiңнiң белгiсi. Университет табалдырығын аттаған əрбiр балмұздақты бiздiң ұйымның жетiстiктерiн айтып, қатарымызға қосамыз. Кейбiрi ɵздерi iздеп келедi.  Ерiктiлердiң кɵп болуы əрбiр ұйымның беделi iспеттi. Бiрақ бiз саннан кɵрi сапаға баса назар аударамыз. Волонтер болудың үлкен бір пайдасы адамдармен танысып, елдiң жағдайын, тұрмыс-тiршiлiгiн ɵз кɵзiңмен кɵрiп, танысу деп ойлаймын. Елге еңбек етесiң. Патриоттық сезiмiң оянып, рухани бай болып жетiлесiң. "Адалдықтың бəйгесiне атыңды қос, озсаң да олжалысың, қалсаң да олжалысың",– деп Төлен Әбдік атамыз айтқандай, ерікті болу тек пайда алып келеді.

Қатарларыңызға қалай қосылуға болады?

— Бiздiң қатарға қосылу үшiн мiндеттi түрде ҚазҰУ-лық болу шарт емес. Кез келген университет студентiн қатарымызға қосып, құшақ жая қарсы аламыз. Бастысы – шынайы ниетi жəне ынтасы болуы қажет.

Сұқбатыңызға рақмет!

Әңгімелескен Диана АСАН,
«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер