Волонтер болу - жүректің батырлығы

2476
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысына белгілі Сернік Мукашев – өңіріміздің абыройлы азаматы, еңбекқор ерікті. Өресі биік, өр тұлғалы жанның ерен ерлігі – барша Қазақ даласы үшін ерекше абырой.

Жақында Ақсай қаласының тұрғыны, кішкентай бүлдіршін – Эмирдің еміне қаражат жиналған еді. Жас ерікті елеулі  еңбегімен өзіне үй алуға жинаған миллион қаражатын ойланбастан аударған болатын.

Айта кетейік, Эмир есімді бүлдіршінге жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойылған еді. Отандық медицина ондайды емдеуге қауқарсыз. Сондықтан шетел асып, шипа іздеуге 1 млрд теңге керек болды.

Серік Мукашев:

«Жомарттық – қолмен емес, жүрекпен жасалатын ерекше еңбек»

- Жастайыңыздан еңбекке бейім өстіңіз. Ерікті түрде «ерікті» атандыңыз. Ерікті болудан не үйрендіңіз?

-
Менің өмірім туа сала бақыт пен шаттықтың құшағында өтпеді. Балалар үйінде өстім. Сондықтан еңбектенуді жастайымнан бойыма сіңіріп өстім. Ерікті болу үшін міндетті түрде бай немесе танымал болудың қажеті жоқ. Бастысы жүректегі жылу мен көңілдегі көркем мінез жоғалмауы керек. Маған ерікті болу ең әуелі тәннің қаншалықты тұңғиық, таза болу керектігін үйретті.

-
Жүректегі жылу дегеннен шығады.Эмирге жасаған жақсылығыңыз әлі күнге дейін көптің аузында жүр. Сіз секілді жомарт жүректің иесі атану үшін адам бойында қандай «өмірлік дағды» болуы керек?
- Жинаған ақшамды Эмирдің еміне беремін дегенде қарсылық білдіргендер көп болды. «Сен әлі жассың. Көтерілмедің. Ондай ақша беру үгін кәсіпкер, бай болу керексің» - деп айтқандар көп болды.
Мен әлі жаспын. Өзімнің қойған мақсатыма жетемін. Пәтер аламын десем, демек, аламын. Жұиысым бар, денім сау, құдайға шүкір. Бәрі алда. Тағы да қайталаймын. Жақсылық пен жомарттық жасау үшін кең пейіл мен шынайы жүрек жеткілікті.

Мен балалар үйінен шыққандарды үй кезегіне тұруға көмектесіп жүрмін. Әлі түрлі жабдықтар алып беру жоспарымда бар. Қолымнан келгенше бір орында тұрып қалмаймын.

   -     Жазда елімізге короновирус қаупі төнген кезде ерікті түрде инфекциялық ауруханаға уақытша санитар болып орналасқан екенсіз.Жалпы бір Эмирдің ғана емес, бірнеше науқастың да алғысын алған екенсіз ғой. Сонымен бірге Батыс Қазақстан университетінің өнер факультетінде хореограф мамандығында оқисыз. Жұмыс пен жақсылық жасауды, оқуды қатар алып жүру қиын болмады ма?

- Адам қалап тұрса, барлығын да жасай алады. Тек ниет оңынан болу керек деп ойлаймын. Әрине оқу мен жаттығуды қатар алып жүруге уақыт болмайды. Кейде күнделікті қонақүй мен жұмыс арасынан өзге ешқайда бұрылмаймын. Атқаратын ауыр жұмыстарым көп.

Сұрағыңды қай жағынан алып қарасам да айтар жауабым бір. Менің қауырт,ауыр күндеріме қарағанда пандемия шағындағы науқастардыкы одан да ауыр еді. Олар өмір мен өлім арасында жатқан еді. Бұрыннан жұмыс жасаған медицина қызметкерлері шыдай алмай жұмыстан шығып жатқандары да болды. Бірақ мен берілмедім. Білесіз бе қазіргі халық бір бетперде таққанға қылғынып, шаршап жатыр.

Ал біз ол уақытта маскадан бөлек, қорғаныш киімдерін қаптап кидік. Тіпті мойынымыздағы ашық жерлерді тұмшалап, скотчтауға тура келді. Одан кейінгі ыстықщ тура «тозақтың ыстығы» секілді.

Менің ең қатты қорыққаным, «көз алдымда адам өліп кешпесе екен» - деген уайым болды. Енді тілейтінім, дүйім дүниені дүр сілкіндірген індет өршімесе екен. Одан халық зардап шекпесе, пайда көрмесі анық. Мол үшін вакцина алып, денсаулықты күткеніміз ләзім.

- Сіздің ерен еңбегіңіз бен мейірімділігіңіз талайды таңдай қақтырып отыр. Сіз секілді болаттай төзімді аға буыннан үлгі алатын кіші буынды даярлап, «еріктілікке» еліктіру үшін қандай қадамдар жасау керек деп ойлайсыз?

- Еріктілік жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала.

Бұл жұмыс шетелдерде өте қарқынды дамыған. Алайда, еліміз де қалыс қалмақ емес. Былтыр 2020 жылды президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілер жылы» деп бекітті.

Соның арқасында елімізде елеулі міндеттемелер көптеп атқарылды. Оның біразының басы қасында өзім де болдым.

Менің ойымша, биліктен қолдау көрсетілгеннен кейін түрлі теле арналардан да жиі бағдарламалар арналу керек. Сонда кейінгі толқын оның қаншалықты құнды, қажетті сала екендігін түсінеді.

- Аға, сіздің сөздеріңізден кейін мен де біраз тебіреніп отырмын. Сұқбат алмас бұрын дереккөздерден сіз туралы ізденгенімде жасаған жақсылықтарыңыздың легі моншақтай тізіліп шықты. Бұл оның соңы емес деп ойлаймын. Сіздің көрсетер шыңыңыз биік мұнарда екендігінде күмәнім жоқ. Артыңыздан ерер «еріктілердің» еңгезердей боларына сенімім зор. Сіздей  мәрт азаматтар көп болғай, аман болыңыз! Уақытыңыздың тығыз болғандығына қарамастан, сұқбаттасуға келіскеніңізге рақмет!

 

Інжу ӨМІРЗАҚ,

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер