Қазақстан биткоин өндірісі бойынша көшбасшылардың үштігіне кірді

5206
Adyrna.kz Telegram

Әлемдік биткоин өндіруде Қытайдың үлесі биыл күрт төмендеді, ал Қазақстанның үлесі өсті. Кембридж университетінің зерттеуіне сәйкес Қазақстан осы саладағы үшінші мемлекетке айналды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Кембридждің баламалы қаржы орталығы жариялаған зерттеу көрсеткендей, Қытайдың үлесіне 46%-ы тиесілі болды. Ал 2019 жылдың қыркүйегінде 75,5%-ды құраған болатын.

Осы кезеңде әлемдік биткоин өндіруде Қазақстанның үлесі шамамен алты есеге, 1,4%-дан 8,2%-ға дейін өсті. Сонымен қатар АҚШ 4,8%-дан 16,8% -ға көтеріліп, екінші орынға орналасса, Ресей мен Иран биткоин өндірушілердің саны бойынша төртінші және бесінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қазақстандағы электр энергиясының көп бөлігі елдің солтүстігіндегі көмір өндіретін аймақтарға жақын шоғырланған станциялардан алынады. Олар 22 гигаватттан астам электр энергиясын өндіреді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер