Бойкоттағы брендін сақтау үшін Маск саясаттан кете ме? Трамп және Қытай факторы

642
Adyrna.kz Telegram

Илон Масктың Америка саясатына белсенді араласуы Tesla компаниясына үлкен қиындықтар тудырды: жаңа көліктердің сатылымы күрт төмендеді, ал кейбір сатып алушылар вандализмнен қорқып, көліктерін ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға тырысады.

ВВС радиосының дерегінше, 2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Tesla шамамен 337 мың көлік сатты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға төмен, ал 2024 жылдың соңғы тоқсанымен салыстырғанда 27 пайызға аз. Бұл компанияның соңғы үш жылдағы ең төменгі сатылым көрсеткіші болып отыр.

Төмен нәтижелер көрсеткеннен кейін Tesla-ның қор нарығындағы акциялары да құлдырады.  

Teslа-ның бизнес үлгісіне жылдар бойы таңданыспен қарайтын атақты технологиялық аналитик Дэн Айвс жарияланған сандарды «барлық есептер бойынша апат» деп сипаттады.

ҚЫТАЙЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕС

Негізгі себептердің бірі — нарықтағы бәсекелестіктің, әсіресе қытайлық BYD өндірушісінің күшеюі.

Ақпан айының соңында Tesla Қытайда жаңа сыртқы көрінісі мен жетілдірілген функциялары бар жаңартылған Model Y кроссоверін ұсына бастады, ал АҚШ пен Еуропада ол наурыз айында шығарылды. Инвесторлар жаңа модельдің сұранысы қытайлық бәсекелестер, соның ішінде BYD компаниясының бәсекесіне төтеп бере алатынына күмәнмен қарайды.

«Мен жаңа Model Y сұранысына бірнеше тұрғыдан күмәнмен қараймын. Электрлік көліктер әлі де айтарлықтай өсім көрсетіп жатса да, нарық баяу жылжып жатыр», — дейді Tesla Globalt Investments инвестициялық компаниясының аға менеджері Томас Мартин.  

Tesla бірнеше жыл бойы электромобиль өндірушілері арасында көшбасшы болып келсе де, биылғы нарықта BYD 15,7 пайыздық үлеске ие болып шыға келді. Ал америкалық компанияның үлесі 15,3 пайыздан аспай жатыр. Tesla компаниясының негізгі еуропалық нарықтардағы сатылымдары наурызда төмендеді, әсіресе Франция мен Швецияда көрсеткіштер үшінші ай қатарынан құлдырап келеді.  

«МАСК САЯСАТҚА АРАЛАСҚАН САЙЫН, БРЕНДКЕ СОҒҰРЛЫМ ЗИЯН»

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, брендтің танымалдығына теріс әсер еткен тағы бір маңызды фактор — Масктың жаңа Трамп әкімшілігіндегі даулы рөлі.

Маск Трамптың сайлау науқанына белсене қатысып, оған миллиондаған долларын жұмсады. Жаңа президент инаугурациясынан кейін ол Үкімет тиімділігін арттыру департаментін (DOGE) басқарды, оған федералды шығындарды қысқарту тапсырылды. Соның салдарынан мыңдаған мемлекеттік қызметкер жұмыссыз қалды.

«Оның тұлғасы неғұрлым саяси сипатқа ие болған сайын, брендке де соғұрлым зиян келтіретіні сөзсіз. Ал өткен тоқсан бұл зиянды нақты көрсетті», - деді Айвс.

Ол 2025 жылдың басы Илон Маск үшін де, оның компаниясы үшін де «шешуші сәт» болатынын айта кетті.

TESLA КӨЛІГІН АЛҒАНЫҢ – БАСЫҢ ДАУҒА ҚАЛҒАНЫ

Таяуда жарияланған Tesla есебінде соңғы модель Cybertruck жеткізілімдері туралы нақты мәліметтер жоқ, бірақ бар деректер Масктың сүйікті жобасы өтпей жатқанын көрсетеді.  

Наурыз айында Tesla барлық Cybertruck модельдерін зауыттағы сыртқы панельдердің ақауына байланысты кері қайтарып алатынын хабарлады.  

Бұған дейін Tesla акционері Gerber Kawasaki Wealth and Investment Management компаниясының Росс Гербер Масктың Tesla директорлар кеңесінен отставкаға кетуіне қол жеткізген болатын. Ол енді соңғы жарияланған көрсеткішті де қатаң сынап отыр.

«Бұл – сұмдық көрсеткіш. Cybertruck іс жүзінде мүлде сатылмай жатыр. Брендке қатты нұқсан келді және оны қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі өте қиын. Бұл үшін 100 пайыз жауапкершілік директорлар кеңесіне жүктеледі», - деді Гербер.

Cybertruck көліктерін бұған дейін сатып алған адамдар көліктерін тұраққа қалдырып кеткенде, оларды бояп немесе кілтпен сызып тастағанын айтты. Кейбіреулері әлдекімдердің көліктерінің терезесіне «жақында көлік ауыстыруыңызға барынша достық кеңес береміз» деген хабарлама жазып, қыстырып кеткенін көрген.  

A6D39562-A408-4ED6-B195-7B60D5686B73.jpg

85147DED-D0A6-4387-A829-2CFFD2673ECA.jpg

МАСК ТЕ ҚЫСҚАРА МА?

Politico басылымының мәліметінше, алдағы аптада Маск Трамп әкімшілігіндегі мемлекеттік қызметінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы редакцияға Ақ үйден анонимді дереккөз тікелей президентке сілтеме жасап хабарлаған.

Олардың айтуынша, Ақ үй Tesla басшысының болжап болмайтын мінез-құлқынан шаршаған.  

Трамптың өзі таяуда болуы мүмкін өзгерістер туралы айтып, Маскты көпшілік алдында мақтады, бірақ оның өз командасында ұзақ болмайтынын айтқан.

«Мен оның үлкен компанияны басқаруы керек деп ойлаймын. Сондықтан ол белгілі бір уақытқа өз орнына қайтып барады. Ол соны қалайды», - деген Трамп.

Politico дереккөздерінің мәліметінше, Маск президентке бейресми түрде кеңесші болып қала береді.

НЕ БОЛЫП ЖАТЫР?

АҚШ-та осы күндері президент Дональд Трамп пен миллиардер Илон Маскқа қарсы ауқымды наразылық шерулері өтіп жатыр. Сенбі күні азаматтық құқықтарды қорғау ұйымдары, кәсіподақтар, азшылықтарды қорғау қауымдастықтары, ардагерлер мен сайлау процесіне қатысқан белсенділер сияқты 150-ге жуық ұйым 1200-ден астам шеру өткізуді жоспарлаған.

Наразылық шаралары Вашингтондағы Ұлттық Молл, әр штаттағы Капитолий маңындағы аудандар мен елдің 50 штатының басқа да орындарында өткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, АҚШ астанасындағы Вашингтон монументі жанында 20 мыңнан астам адам жиналады деп күтілген.

AP агенттігінің хабарлауынша, шеруге шыққандар Трамп әкімшілігінің мыңдаған федералды қызметкерді жұмыстан шығару, тұтас агенттіктерді іс жүзінде жабу, иммигранттарды елден шығару және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруды азайту секілді әрекеттерін қатаң сынға алған.

5 сәуір күні Балтимор маңындағы АҚШ-тың әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің штаб-пәтері алдына бірнеше жүз адам жиналып, егде жастағы азаматтар мен мүгедектерге жәрдемақы төлейтін басқармадағы қысқартуларға наразылық білдірді.

БАҚ мәліметінше, наразылық шаралары Парижде, Римде және Лондонда да өткен. Сонымен қатар Мексика мен Канадада да осындай шерулер өткізу жоспарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер