Үкімет 2026 жылы Ұлттық қордан алынатын қаражатқа шектеу қоймақ

1383
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Үкімет 2026 жылы Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт көлемін қатаң шектеуге ниетті. Ол кепілдендірілген трансфертттің 30 пайызына аспауы тиіс. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа Салық кодексі талқылаған дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Яғни, егер кепілдендірілген трансферт 2 трлн теңге болса, онда нысаналы трансферттің шекті мөлшері 600 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сондықтан 2026-2028 жылдарға арналған болжамда Ұлттық қордан алынатын қаражаттың ең жоғарғы мөлшерін 2,6 трлн теңге деңгейінде белгіледік», – деді вице-министр.

Азамат Әмрин  нысаналы трансферт тек ел үшін стратегиялық маңызы бар жобалар мен маңызды инфрақұрылымға жұмсалатынын айтты.

Айта кетсек, Ұлттық қорда қазір 32,65 трлн теңге жинақталған. 2025 жыл басында бір айда қордағы қаржы 402 млрд теңгеге азайған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер