Министр мәлімдемесі: Қазақстандықтардың табысы неге өспейді?

4663
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев халықтың табысының өсуі ел экономикасының дамуына тікелей байланысты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден қазақстандықтардың табысы неге өспейтінін сұрады.

Әсет Ерғалиев үкімет халықтың нақты табысын арттыру жұмысымен тұрақты түрде айналысатынын атап өтті.

«Бұл кешенді мәселе. Бұл жерде қысқамерзімді және ұзақмерзімді құралдар бар. Егер біз табыстың тұрақты өсуі туралы айтсақ, жалғыз жол – ұзақмерзімді құралдар. Бұл экономиканы әртараптандыру, құрылымдық реформалар жүргізу, сапалы жұмыс орындарын құру», - деді ол.

Осыдан кейін министр қысқамерзімді құралдарға тоқталды. Ол ең төменгі жалақының көбейгенін, дәрігерлердің, мұғалімдердің, басқа қызметкерлердің  жалақысы өскенін айтты.

«Табысты арттырумен байланысты мәселе, егер біз оның жүйелі шешілуі туралы айтсақ, ол экономиканың дамуы. Экономика дамыса, жұмыс орындары болса, табыс өседі. Халықтың табысын өсірумен байланысты мәселелер экономиканың дамуына тікелей байланысты», - деп жауап берді ведомство басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер