Доллардың арзандап, мұнайдың қымбаттағаны пайда ма, әлде зиян ба?

3358
Adyrna.kz Telegram

Әзірге сарапшылар   АҚШ-тың әскери базаларына берген соққысы мұнай бағасына, сосын қазақ теңгесіне күш бергенін бірінен соң бірі айтып жатыр.

Тек қазақ теңгесі емес, Қазақстан тәрізді даму жолына енді түскен елдердің ұлттық валюталары да еңсесін түзеп, шырайы кіріп қалды.

Әлемдік қаржы нарығы Иран мен АҚШ-тың қас-қабағына қарап, іштен тынып тұр.  Сарапшылар геосаясат және мұнай Таяу Шығыстағы дағдарыстың ушығуы мұнай құнын одан әрі арттыруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.   Қазір ұлттық валютаның динамикасы геосаяси жағдаймен анықталады. Қазір теңгеге қуат беріп тұрған күш   елдің ІЖӨ  деген пікірге бала да сенбейді.

«Эскалация деңгейі жоғарылаған сайын мұнай бағасы да қымбаттай береді.  Қазақстан мен Ресей тәрізді шикі мұнайға тәуелді елдер үшін, бұл қолайлы. АҚШ пен Иранның уақытша болса да келісімге келуі Иранды экономикалық апаттан сақтап қалды. Себебі соғыс жүрген жерде мұнай барлайтын кен орындары істен шығады» дейді сарапшы Ерлан Ибрагим.

Ерлан Ибрагимнің түсіндіруінше, әлемде бірде-бір ел  кең көлемді қарулы қақтығысқа мүдделі емес, сондықтан әскери операцияларға жол бермеуге тырысады. Сонымен қатар, кез-келген әскери қақтығыстар сөзсіз адам шығынына алып келеді, экстремистік күштердің көлеңкеден шығып кетуіне жол ашады.

«АҚШ-тың әскери реакциясы одан әрі ушығуды болдырмау үшін символдық сипатқа ие бола бастады. Тегеран мен АҚШ-тың толыққанды әскери қақтығыстан аулақ болуға тырысқаны алғашқы күндерден байқалып   қалды. Кеше Иран жағы Сулейманидің кегі қайтарылды» деп ендігі теке-тірестің артық екенін байқатты»  дейді ол.

Сарапшылар қазір алдағы күндерге болжам жасау қазір мүмкін еместігін ашық айтып отыр. Жанжалдың беті қайтқанмен, оның жаңғырығы басылған жоқ.  Шикізат көздері   бағасының тұрақсыздығы,  мұнайдың қымбаттауы дамушы елдердің валютасына қосымша дем бергенмен, қор биржаларындағы активтердің бағасына кері әсер ете бастады. Тұрақсыздық ұзақ мерзімді болжамдар жасауға мүмкіндік берер емес.

«Жағдай тұрақталғанша мұнай баррелі 70-80 АҚШ доллары айналасында болады. Содан кейінгі баға  мұнай нарығындағы  ұсыныс пен сұранысқа, сосын геосаясатқа   қарап бейімделеді» дейді Ерлан Ибрагим.

Ал келесі экономист Тұрар Байғараев Дональд Трамп «Иранмен соғыс болмайды» дегенмен жағдайдың   бақылаудан   шығып кеткенін айтады. Себебі бұл жанжалда тек АҚШ пен Иранның ғана емес, Ирак, Сауд Арабиясы, тіпті Таяу Шығыс елдерінің де мүдделі екені белгілі болып қалды. Соғыс қаупі төнген сайын   дамушы елдердің валюталары   күшейіп,   АҚШ валютасының бағасы да төмендей береді.     Жағдайдың тым ұзаққа созылып кеуіне   АҚШ-тың өзі де мүдделі емес.   Себебі,  сарапшының  пайымдауынша,  АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны қысқарып,  тақтатас мұнайының қоры таусылуда. Бір жарым-екі жылмен салыстырғанда   бұрғылау қондырғыларының саны 25 пайыз азайды.

Теңге туралы айтатын болсақ, сарапшылар баға уақытша дейді.  Бұл теңгенің қуанышы да уақытша екенін білдіреді.

Ал  қазір теңге бағасы өсіп жатыр. Тіпті соңғы екі күннің ішінде Ұлттық банк үш күн ұйықтаса да түсіне кірмейтін бағаға тұрақтады.  Бұл тек сыртқы факторлардың әсері. Себебі теңгеге дем беріп тұрған факторлар жайлы тәуелсіз сарапшылар емес, Ұлттық банк пен Үкіметтің өзі де ештеңе айта алмай отыр.

Қазіргі уақытта мұнай нарығындағы қырық құбыла бастады. Біз бағаның өсуін көріп отырмыз. Bloomberg жасаған сараптамаға сәйкес, егер шиеленістер сақталса, қауіп бұлты сейілмесе, қара алтынның бағасы көтеріле береді. Тіпті жағдайдың АҚШ пен Иранның бақылауынан шығып кеткенін көріп жүрміз. Тіпті бұл факторды, «апам да аң-таң, Иран мен АҚШ та аң-таң» деп бағалауға болады.  Бұл жағдай бүкіл әлемнің инвесторларын қатты алаңдатады. Осыған байланысты АҚШ, Еуропа және Азиядағы қор нарықтары айтарлықтай тұрақсыз кешеден бері Мәскеу биржасында байқалып қалды. Бұл Ресей экономикасының мұнайға тәуелді екенін көрсетіп отыр. Арзан доллар мен қымбат мұнай қор биржаларындағы активтердің тыныштығын бұзып жатыр.

Сарапшы, Тұрар Байғараевтың түсіндіруінше, бұл фактор Қазақстанға да, Ресейге де тиімді.  Егер мұнай бағасы    барреліне 130 долларға жетсек, 2006-2007 жылдардағы жағдайға ораламыз. Егер, басты дұрыс жұмыс істетсек, белгілі трптардың емес, мемлекеттік мүддені жоғары қойсақ,   мұнай дәурені жүріп тұрған кездегі  мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жол ашар еді. «Бірақ кез келген соғыс пен теке-тірестің кері салдары болады. Діни алауыздық пен қатар акциялардың бағасының түсуі қатар жүреді мұндай кездерде. Сол себепті АҚШ доллары 250 теңге   болады»  деп жоспар құрудың қажеті жоқ.  Бұл әлемдік дағдарысқа алып келетін жағдай.  2008-2018 жылдардағы әлемдік дағдарыстан айығып үлгірмеген дамушы елдер мұндай соққыға төтеп бере алмайды» дейді Тұрар Байғараев.

EG.RU агенттігінде Орталық Азия және Ресей тақырыбын жиі сараптайтын экономист Денис Овсиенко өткен   аптада   журналистермен кездескен кезде доллардың күрт арзандап кетуінен қор биржаларындағы активтер көбіктеніп кететінін ескертті.  Мұндай жағдайда банктерде құнды қағаздардың жинақталып қалғаны соншалықты, оның құнын анықтау мүмкін болмай қалады. Осыдан бірнеше жыл бұрын  Ресейдің Жинақ банк қауіпті сейілту үшін активтерді сатып алып, несие берумен айналысатын қаржы ұйымдарын арзан несиемен қамтамасыз етпек болған еді.  Бірақ  АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі 4,5 трлн АҚШ долларына сатып алған құнды облигацияларды айналымға жіберіп, Ресейдің алдын орап кетті.   Бұл қаржы бизнесті айналып өтіп, қор биржасына жетті де, жағдайды қиындатып жіберген.  Доллардың арзандап, мұнайдың қымбаттауы нарық заңымен жүрмесе, әлемдік нарық қор биржаларының көбігінен көз аша алмай қалуы әбден мүмкін.   Себебі доллардың күш алуына немесе әлсіреуіне  АҚШ-тың базалық мөлшерлемесінің жоғары болуы мен қымбат мұнай әсер етеді.  Себебі әлемдегі мұнайдың барлығы АҚШ долларымен сатылады. Тек қара нарықты ескермегенде. Бірақ қара нарықтағы сауда статистикасын жасаған ешкім жоқ. Дамушы елдердегі инвестор бірден АҚШ-тың тұрақты активтеріне басымдық береді. Қазір АҚШ үшін базалық мөлшерлеменің деңгейі – қуатты қару.

Сарапшылар кешеден бері жанжалдың беті қайтпаса, мұнай баррелі 100-120 АҚШ долларына жетсе, доллар бағамы 250-270 теңге болады деген жаңалықты ел-жерге таратып жіберуге асығып жатыр. Мұның артында валюта сатып, арадағы айырмасымен жан бағып отырған қаржы трейдердері тұруы мүмкін.    Бұл фактор біреулердің қалтасын толтырады.  Тіпті бюджеттің кіріс бөлігін де көбейтуі мүмкін.  Бірақ қажетті тетіктерді іске қоса алмасақ, үкімет қымбат мұнай мен арзан доллардың буына алданып шағын және орта бизнестің әлеуетіне назар аудармай қоюы әбден мүмкін. «Біз мұндай жағдайда кейнсианстваға, басқаша айтқанда экономикадағы мемлекеттің үлесінің күрт өсіп кету мүмкіндігіне қайта ораламыз»  дейді Тұрар Байғараев.

Тұрар Байғараевтың түсіндіруінше, мұндай жағдайда   жұмыс беруші де, басқарушы да мемлекет болады. Ал жеке капиталды дамыту екінші  планға  ысырылып,   адам капиталын дамыту бос сөзге айналып, өткенге қайта ораламыз.

Сарапшылар қазіргі жағдай табыс табуға мүмкіндік беріп тұрғанын айтады. Біз тек оны көлеңкелі жағдайға ауысып кетуіне жол беріп алмасақ болды. Үкімет пен Ұлттық банк осы жағына сақ болуы тиіс.

«Қазір ШОБ жобаларына қаржы құюға мүмкіндік туып тұр. Бұл жағдайдың қаншаға дейін созылатыны маңызды емес. Инвесторлар  қымбат  аз ғана уақыт болса да  қымбат теңге мен арзан доллар  арасындағы  айырмашалықтан да пайда табуға болады. Біз тек соның көзін тапсақ болды» дейді Тұрар Байғараев.

 

Рауан ІЛИЯСОВ,

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер