Ердоғанның орнын Имамоглу баса ма?

4204
Adyrna.kz Telegram

Екрем Имамоглу Стамбул мэрі болғалы қаланы өзіне дейін басқарған Ердоғанның «Ақ партиясы» жіберген қателіктерді медиада ашық жариялай бастады. Көп шешімдер саяси тұрғыдан қабылданып, экономикалық тарапы дұрыс қаралмағанын, қала эффективті басқарылмағанын, шығындар бос жерге жұмсалғанын ақырындап халыққа естіртіп жатыр. Европадағы ең ірі автовокзалды жөндеп, айналасын тазартып, халық демалатын орынға айналдырды. Ең қызығы, Анкарада отырған басшылар Стамбулға қатысты шешім қабылдарда жергілікті басқару орындарының (Стамбул әкімшілігінің) келісімін алып, ақылдасуы керектігін баса айтуда. Бұрынғыдай Ердоған мәлімдейтіндей,  "Европаның ең үлкен аэропортын мына жерден саламыз" деген секілді біржақты шешімдер қабылдай беретін дәурен аяқталғанын  Имамоглу астарлап болсын жеткізуде. "Туризм министрлігі Стамбулға туристер тарту жоспарын жасарда бізбен ақылдасуы қажет" дегенді де жиі айтып жүр. Негізі ол басшылыққа келгелі жұмысын жақсы жүргізіп келеді. Ал 16 млн халқы бар Стамбул халқының жүрегін жаулап алса арғы жағында президент сайлауында жеңіске жетуі де ғажап емес. Стамбулды кім билесе Түркияны сол басқаратын заңдылық бар.

Бұл деген сөз - Ердоғанға қамшы басу керек. Ұзақ жылдардан кейін өзінен жас, экономикадан түсінетін, мүлдем жаңаша ойлайтын жас лидер шығып келеді. Саяси жүйедегі бұл бәсеке елге, халыққа жақсы. Мойындау керек, Түркияда қоғамның көңілін табу үшін екі есе еңбектенетін басшыларды ортаға шығаратын жүйе бар.

 

 

Бауыржан СЕРІКБАЕВ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер