Жалған ақпарат тараған. ҰҚК халыққа үндеу жасады

924
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) әлеуметтік желілерде тараған фейк ақпарат туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Kazinform-ға сілтеп.

Әлеуметтік желілерде ҰҚК баспасөз қызметінің атынан жарияланған жалған хабарлама тарап кеткен. Онда Telegram платформасында «Мәңгілік полк» акциясына қарсы риторика таратушылар, бойкотқа үндегендер және қоғамда алауыздық туғызатын басқа да әрекеттерге барған азаматтар туралы мәлімет жинайтын арнайы бот іске қосылғаны туралы айтылған.

Алайда, ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, яғни фейк екенін нақтылап, мәлімдемеде:

«Аталған "мәлімдеме" жалған, ондағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді» – деп атап өтті.

ҰҚК азаматтарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге және жалған хабарламаларды таратпауға шақырды.

Пікірлер