Самат Гилимов: "Техникалық байқау - қауіпсіздік кепілі"

3756
Adyrna.kz Telegram

Техникалық байқау саласындағы 

жаңашылдықтар қауіпсіздік кепілі 

Адам өміріндегі ең басты қағида қауіпсіздік екені бәрімізге белгілі. Техникалық байқаудың қандай тұстары халыққа тиімді, делдалдардың жолын кесетін іс-әрекеттер,  Қазақстандағы техникалық байқау станцияларын кімдер бақылайды және кімдер жауапты? Техникалық байқаудың мән-жәйі қалай? Осы сұрақтардың жауабын іздеп ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Қуанышұлы Гилимовпен сұхбаттастық.

-  Самат Қуанышұлы, сұхбатымызды Қазақстандағы техникалық байқауға қатысты бастасақ. Қазіргі уақытта елімізде техникалық байқау саласының  жағдайы қалай?

-  2012 жылы міндетті техникалық қарап-тексеруді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне берген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралдарының пайызы төмендетілуде (2012 жылдан бастап өтпеген көлік құралдарының пайызы - 13%, 2019 жылы - 5% құрады).

Өтпеген көлік құралдары санының төмендеуіне бірінші кезекте техникалық қарап-тексеру орталықтарын ашу рәсімін оңайлату, екіншіден, шағын және орта бизнеске қатысты бақылау-қадағалау іс-шаралары бөлігінде жеңілдеу әсер етті, бұл нәтижесінде техникалық қарап-тексеру саласындағы өрескел бұзушылықтарға әкелді, үшіншіден, М1 санатындағы 7 жылғы көлік құралдары үшін техникалық қарап-тексеруден өтуді алып тастауды енгізу маңызды рөл атқарды.

Жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты техникалық қарап-тексеруді өткізу бойынша теріс пиғылды тұлғалардың схемалық жаңа түрлері, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына және НҚА талаптарына сәйкес келмейтін жерлерде қараусыз өткізу фактілері пайда болды.

Алаяқтықтың осындай түрінің қызметі техникалық қарап-тексеру нәтижелеріне түзетулер жасау және оны көлік құралын нақты ұсынбай жүргізу түрінде жүзеге асырылады.

-  Жоғарыда көрсетілген заңсыздықтарды болдырмау үшін Министрлік қандай жұмыстарды атқаруда? 

-  Осы жылы Министрлік «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына және міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне өзгерістер енгізді, «ҰАТ» АҚ тұлғасындағы бірыңғай ақпараттық жүйе операторы анықталды.

  Алаяқтық әрекеттерді болдырмау бөлігінде «ҰАТ» АҚ-ны «техникалық байқау» бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторымен анықтағаннан кейін «ЭТОРА», «МЕТА», «АТУМЕЛЬ», «ГАРО» және «АИСТО» сияқты техникалық байқау нәтижелерін беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етулерді тексеру басталды, алайда баж операторы бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкес келмеуіне байланысты "ГАРО" және "АИСТО" - дан деректерді қабылдау тоқтатылды.

  "ГАРО" және "АИСТО" бағдарламаларынан техникалық байқау нәтижелерін қабылдауды тоқтата тұру себебі бұрын бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады. Бүгінгі күні жоғарыда көрсетілген екі бағдарламаны әзірлеушілер талаптарға сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізілмеген, осыған байланысты 160 техникалық байқау орталығы сөндірілді.

  Жоғарыда айтылғандардың қорытындысы бойынша бағдарламаны бекітілген талаптарға сәйкес келтіру әзірлеушінің бірінші кезектегі міндеті болып табылатынын атап өту қажет, оны орындау техникалық байқау орталықтарының қызметін тоқтата тұруға, Мемлекеттік сатып алудың орындалуын бұзуға және т. б. әкеп соқтырды.

-  «Ұлттық ақпараттық технологиясы» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы ретіндегі рөлі неде?

-  «Ұлттық ақпараттық технологиясы» АҚ (бұдан әрі – Оператор болып табылады) бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық бөлігі бойынша кемшіліктерді анықтау, сондай-ақ техникалық байқау орталығында пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге тексеру жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады (осы бағдарлама арқылы диагностикалық жабдықтардан нәтижелерді жинау жүргізіледі және операторға диакарт түрінде беріледі).

Сонымен қатар, оператор техникалық байқау нәтижелерін қолмен енгізуге және осы бағдарламаларды түпнұсқа өнім түрінде пайдалануға мүмкіндік беретін «қарақшылық» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын техникалық байқау орталықтарын анықтау бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Оператор техникалық байқаудың жосықсыз орталықтарын анықтау бойынша іс-шараларды іске асыруда, олар бағдарламашылар тарапынан жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін елемей, жеке басын байыту мақсатында осы бағдарламалардың «бұзу» тетіктерін пайдаланады. 

Іс-шаралар нәтижесі бойынша 27 техникалық байқау орталығы "қолмен енгізу", фоторедакторларды пайдалану және автомобильсіз техникалық байқауды өткізу себебінен деректерді енгізуден ажыратылды.

-  Техникалық байқауда жосықсыз операторларға заңнамада қандай шаралар қарастырылған? 

-  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген.

Әкімшілік айыппұл 10 АЕК-тен бастап техникалық байқау операторларының тізілімінен алып тастағанға дейін құрайды.

Сонымен қатар, тізілімге енгізілмеген адамдардың диагностикалық карталарды сатуы және көлік құралын тексермей техникалық байқауды өткізу ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.

Сондай-ақ, қоғамды азаматтық ұстаным танытуға және белгісіз тұлғалардың диагностикалық карталарды (талондарды) сату фактілері туралы, бағдарламалық қамтамасыз етуді бұзу фактілері туралы Көлік комитетіне хабарлауға шақырамыз және kense.kt@miid.gov.kz  электронды мекен жайына жіберуді сұраймыз. 

 -  Техникалық байқауда Министрлік тарапынан заң жобасы мақұлданыпты, бұл заң жобасына қандай өзгерістер енгізілді?

-  2019 жылы техникалық байқаудан өту сапасын жақсарту мақсатында Министрлік «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуге бастама жасады. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 тамыздағы №621 қаулысымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БАЖ «Техникалық байқау» eisto.kz). «Техникалық байқау»  міндеті механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу, дамыту, ықпалдастыру және сүйемелдеу болып табылады.  Министрлік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен «Техникалық байқау» БАЖ операторымен бірлесіп (БАЖ осы бағдарлама арқылы техникалық байқау нәтижелерін сайтқа беру жүзеге асырылады eisto.kz) бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеру рәсіміне қатысты түсініктемелер берілді, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды дамыту туралы меморандум өзектілендірілді және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен және «Техникалық байқау» БАЖ операторымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Идентификациялық кілттер» жаңартылды (ескерту. сәйкестендіру кілті-жеке кілт-техникалық байқау орталықтарының сайтқа деректер беруге қол жеткізуі eisto.kz (сәйкестендіру кілттерін жаңарту ай сайын жүзеге асырылатын болады) деректерді беруді жүзеге асыратын жосықсыз операторларды болдырмау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді (сәйкестендіру кілттерін жаңарту ай сайын жүзеге асырылатын болады).

-  Сұхбатыңызға рахмет! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

Оңғар Қабден,

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер