Екібастұзда ТЖД бастығы пара алғаны үшін сотталды

568
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы бүгін, 7 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д.Куконевке, оның орынбасары Ж.Маймановқа және кәсіпкер Б.Жұмашевке үкім шығарды. Куконев пен Майманов Жұмашевтен оның кәсіпорнына қатысты мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды»,—делінген хабарламада.

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, Куконев азаматтық қорғаныс полковнигі, Майманов азаматтық қорғаныс майоры арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Пікірлер