Дрондар жауған көктемде. Оқиға орнына бармаған депутаттар пікірі әртүрлі

715
Adyrna.kz Telegram

Соңғы уақытта Қазақстан батысында дрондардың құлауы жиіледі. Бұл құралдардың қай елге тиесілі екендігі әлі ресми түрде айтылмады. Қателік болса, кешірім сұраған тағы ешкім жоқ. Қазақстан да әзірге әлдебір елдерді айыптап, сөкпеді.

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы Ұялы ауылдық округі маңына ең бірінші 18 ақпан күні дрон құлаған болатын. Ал 18 наурыз күні Тасқала ауданының Атамекен ауылының маңына пилотсыз ұшу аппараты табылды. Наурыздың 24-і күні Жәнібек ауданында дрон бөлшектері құлағаны белгілі болды. Соңғы бір айдың көлемінде бір емес, үш бірдей дронның құлауы кездейсоқтық па, кездейсоқ болса, оның себеб неде? Оқиға орнына барып жағдаймен таныстық деген депутат жоқ. Дегенмен бұл туралы пікір білдіре алатын кімдер бар, сөзге тарттық.

«ӘЗІРГЕ БЕЛГІСІЗ»

«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліс депутаты болған Ерболат Саурықов халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде бұл мәселеге ерекше назар аударып отырғанын айтады.

«Жалпы кез келген елдің мемлекеттік тұрақтылығы мен тәуелсіздігіне байланысты өзінің бекітілген шекаралық аймақтары, оның ішінде жердегі, әуедегі және теңіздегі шекара аймақтары болады. Осыған байланысты бөтен құрылғы, не болмаса ұшақ пен дрондар өзге елдің территориясына өткен жағдайда оған байланысты мемлекет, Қорғаныс министрлігі секілді құқық қорғау органдары өздерінің жұмыстарын жүргізу қажет», - дейді ол.

Айтуынша, бүгінгі күні әртүрлі тосын оқиғалар болып жатыр. Соның бірі Каспий мұнай құбырына шабуыл болса, тағы бірі осы – дрондар.

«Бұл оқиғалар бойынша бүгінгі таңда нақты бір ресми мәлімет жоқ.Мәлімет жоқтығының өзі де талай нәрсені аңғартады. Бәлкім, әлдебір ұйым Ресей мен Қазақстан, не болмаса Украина мен Қазақстанның арасына бүлік салу үшін жасап отырған дүние ме? Ол жағы да әзірге белгісіз», - дейді депутат.

Ерболат Саурықовтың айтуынша, қай мемлекеттің дронның болса да, Қазақстанның территориясына түскен жағдайда сол мемлекет өзінің қателіктерін мойнына алып, оның не себепті Қазақстан территориясына келіп түскені туралы ақпарат беруі тиіс.

«ДРОН БА, ДРОН ЕМЕС ПЕ?»

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың пікірі Ерболат Саурықовпен үндес шықты.

«Әрине, ең бірінші кезекте біздің жеріміз бен азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің ең алғашқы міндеттерінің бірі. Сондықтан да бұл оқиға алаңдаушылық тудырып отыр», - дейді ол.

Оның топшылауынша, бұл оқиғада белгісіз жағдайлар бар.

«Мысалы, кімнің дроны және ол дрон ба, дрон емес пе? Менің білетінім, бірінші рет нақты дрон табылған болса, одан кейінгілері дронның бөлшектері секілді. Сондықтан бұған байланысты өзіміздің көзқарасымызды білдіру үшін нақты ақпарат шыққанға дейін күтуіміз керек. Осы мәселені біздің әріптестеріміз көтерген болатын. Бірақ тиісті органдардан нақты ақпарат түспейінше бұл мәселеге асықпай қарауымыз керек», – дейді ол.

«ДРОН СЫНАҚ ӨТКІЗЕТІН ЖЕРДЕ ДЕ ҚҰЛАУЫ МҮМКІН»

Ал Батыс Қазақстан облысынан мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша Мәжіліс депутаты болған Абзал Құспан дрон мәселесінің басқа қырына мән берді.

«Менің сайланған өңірімде дрон құлаған алғашқы сәттен бастап тиісті уәкілетті органдармен байланыста отырмын. Осы ретте оқырмандарға Батыс Қазақстан облысының орналасқан географиялық ерекшелігін айта кеткен жөн деп есептеймін. Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның Атырау және Ақтөбе облыстарымен, ал Ресейдің 5 облысымен шектеседі. Сондай-ақ Қазақстанның аталған облысынан қарағанда Ресейдің облыстары әлдеқайда жақын орналасқан. Мәселен, Ақтөбе мен Атырау облысы Орал қаласынан 500 шақырым жерде болса, ал Ресейдің облыстары орташа есеппен 200-250 шақырым жерде орналасқан», - дейді депутат.

Депутаттың дегеніне қарағанда, Батыс Қазақстан облысы Ресейге ішкері орналасқан өңір болғандықтан оған әлемдегі геосаяси жағдай әсер етпей қоймайды.

«Тағы бір ерекшелік – Батыс Қазақстан облысының территориясында Жәнібек, Бөкей Ордасы және Жаңақала аудандарымен шектесетін, Ресейдің әскери полигоны орналасқан. Аталған жер Қазақстанның жері болғанымен Ресейге арендаға берілген. Ертеректе қол қойылып ұзақ мерзімге беріліп кеткен. Қателеспесем 2029 жылға дейін қайтарылу керек. Ал дрон сынақ өткізетін жерде де құлауы мүмкін», - дейді депутат Абзал Құспан.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер