«Адамның ақыл-ойы өзгермей нақты бір нәтижеге жету қиын»

459
Adyrna.kz Telegram

Елімізде қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтардың құрбаны болып, жиған-тергендерінен бір күнде айырылған азаматтар баршылық. Бірі еңбек етпей тез байып кетуді ойласа, екіншісі қасқойлердің тұзағына түсіп, бар жиғанынан айырылған.

«Кейбір адамдар қаржылық пирамидаға саналы түрде барады»

 Заңгер, Қаржылық мониторинг агенттігіне қарасты Қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Орынбеков қоғамда қаржы пирамидасына алданған азаматтар көп екенін айтады.

«Қоғамда қаржы пирамидасы мен интернет-алаяқтар туралы қаншалықты көп айтылса, оған сенетін адамдар соншалықты көбейіп жатыр. Мәселен Қаржылық мониторинг агенттігіне қарасты Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретіне агенттікте атқарылып жатқан жұмыстарға қоғамдық бақылау жүргіземіз. Сондай-ақ «Құқық қорған» заңгерлік компаниям арқылы қаржы пирамидасына алданған азаматтарға құқықтық тұрғыдан көмектесемін.

Өкінішке қарай біз қаншалықты қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтық туралы айтқан сайын, одан алданған азаматтардың саны азаймай, керісінше күн өткен сайын көбейіп жатыр. Ашығын айтқам қанша түсіндіру жұмыстарын жүргізсек те, адамның ақыл-ойы өзгермей нақты бір нәтижеге жету қиын. Тіпті Қаржылық мониторинг агенттігі осы уақытқа дейін қаншама рет түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтиже бермеген соң қаржы пирамидалары жөнінде арыз түспей әрекет ететін болды. Бұған дейін қандайда бір адам зардап шегіп, шағымданғаннан кейін барып агенттік жұмыс жүргізетін. Ал қазір Қаржылық мониторинг агенттігі қандайда бір ұйымнан қаржы пирамиданың белгісін байқаса бірден іс ашып, соттап жатыр. Бұл әрекет өте орынды болды.

Мысалы бүгін QNet жабылса, күні ертең «Аманат драйв» ашылып, адамдарды жаппай алдап жатыр. Адамдар қандайда бір қаржылық пирамида құрылса, оған ең бірінші кіріп алуға тырсады. Себебі олар қаржылық ұйымға ең бірінші кірген кезде көл-көсір пайда табады дегенге сеніп алған. Шыны бұл жерде адамдардың ашкөздігі мен қаржылық сауатсыздығын айтпай кетуге болмайды. Негізі кейбір адамдар қаржылық пирамидаларға өздері саналы түрде дайындалып барады», – дейді ол.

 «Коучтар адамдарды азғырып жатыр»

 Заңгер қаржы пирамидасынан бөлек қазір интернет алаяқтықтың түрі көбейіп кеткенін ескертті.

«Бұл жерде қаржылық сауатсыздықтан басқа мемлекет тарапынан деректер қауіпсіздігі мәселесіне назар аудару керек. Тиісті құзырлы органдар адамдардың жеке деректерін қауіпсіз ете алмай отыр. Қазіргі кезде біздің жеке деректеріміз еріккеннің қолында жүр. Оның үстіне банк қызметкерлері деректер базасын алаяқтарға сатып, табыс тауып отыр. Ұзын сөздің қысқасы біздің елде азаматтардың жеке деректерінің қорғалуы өте әлсіз болып отыр. Бұл өз кезегінде интернет алаяқтығын қоздырып тұр.

Өкінішке қарай қоғамда тез пайда тауып, байып кеткісі келетін адамдар көп. Әр түрлі коучтар мен әлеуметтік желідегі инфобизнестің өкілдері жеңіл ақша тауып, қамсыз өмірді көрсетіп адамдарды азғырып жатыр. Ал оларға мемлекет тарапынан «Ай дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқ. Қандайда бір заңдық жағынан оның қызметін бақылап, шектей алмайсыз.

Тіпті қосымша білім беретін орталықтар онлайнға көшіп, жұмыс істеп жатыр. Мысалы адамның санасына ықпал ететін психологтар әлеуметтік желі арқылы еш кедергісіз әрекет етеді. Мысалы қосымша білім беру орталықтары заң бойынша ешқандай лицензия алуға міндеттелмейді. Яғни кез келген адам қосымша білім беріп, адамдарды өздеріне шақырып, сендіре алады. Біріншіден, бұл жерде заңның осал тұсы бар екенін айтпай кетуге болмайды. Екіншіден, азаматтардың өзі еш қиналмай тез байып кетемін деген сана-сезімге ие болып отыр. Өкінішке қарай оларды әлеуметтік желідегі танымал блогерлер күндіз-түні насихаттап жатыр.

Мысалы көпшілікке танымал азамат Көңілбай Шүкеноа «Аманат хоум» және «Аманат драйв» компаниясы бойынша істі болып жатыр. Қазіргі таңда ол қаржылық пирамиданың құру бойынша 217 бап, яғни кооперативтың атын жамылып қаржы жинау бойынша тергелуде. Аталған азаматқа қаншама адам пәтер мен көлік аламын деп қаржы жинап берген», – дейді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер