Жолдан, көпірден, газдан қағылған Көкбұлақ. Жылда қайталанатын хикая

721
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысы Көкбұлақ ауылының тұрғындары көктемгі су тасқынынан кейін жол қатынасының үзілетінін айтып, дабыл қағуда.

Ауылға кіретін жалғыз жолды су басып, халық бірнеше күн бойы қатынассыз қалады. Бұл мәселе жыл сайын қайталанып келе жатқанымен, жергілікті биліктен әлі күнге нақты көмек болмай тұрған көрінеді.

«ҚАЙЫҚ СЕНДЕРГЕ ТАКСИ ЕМЕС...»

Көкбұлақ тұрғындары тасқын кезінде жағаға арқан байлап, өзеннен өтетінін айтады. Ауыл тұрғыны Жақсыберген Болатұлының айтуынша, бірнеше әкім ауысса да, жағдай еш өзгермеген.

"Жылда осы, су алып кетеді. Әкім кеше келіп, уақытша көпір салды. 5 күн ауылымызда қатынас болмай қалды. Әкімдік ауылда тұрғын саны аз болғандықтан көпірге ақша бөлінбейді деп жыл сайын мәселені жылы жабады. Бірақ, білмеймін. Тым болмаса ауданға қарасты аумақта бүлініп жатқан асфальтты да жөндеп жатқан жоқ. Бөлінген асфальтты сатып жіберіп жатыр, көзіміз көріп отыр ғой. Тым болмаса жолымызды жөндеп берсе. Мысалы, 22 наурызды біз тойламадық. Себебі қатынас болмады. Жол азабынан ауыл азық-түлікті де ала алмай отыр»,- дейді ауыл тұрғыны.

Бұл ауылда өткел мәселесі көптеген қиындық тудыруда. Тіпті апатты жағдайлар болған.

"Жеңіл көліктер өте алмайды, батпаққа батып қалады. Адамдар жаяу жүруге мәжбүр. Қазір дамыған заманда 18 км жерге ақша бөлінбейді деу қате сияқты, меніңше. Өткенде адамдардың өтуі үшін қайық сұрадық. Әкімдік "қайық сендерге такси емес" деді. Төтенше жағдай (ТЖ)  қызметкерлері келіп, үлкен кісілерді судан өткізуге көмектесті. ТЖ адамдары да суға түсіп кеткен сәттер болды. Қашанғы шыдаймыз? Көктемде тағы да бұл көпірін ағызып кетеді. Бұл жыл сайынғы мәселе. Екі апталап мәселеге айналған кездері де болды. Соңғы 5 жылдықта ауылда шамамен 2-3 әкім ауысты. Ешқайсысы мәселені шешпеді",- деп қынжылады тұрғын Жақсыберген.

Көкбұлақ тұрғындары ауылға көпір салу үшін бірнеше рет әкімдікке хат жолдаған. Олар қол жинап, өтініштерін бекіткенін айтып суретін де жолдады. Алайда Көкбұлақ ауылдық округі мен Байғанин аудандық әкімдігінің өңір мәселесін қашан шешіп беретіні әзірге беймәлім. Ашық дереккөзге сүйенсек, 1999 жылы ауылда 462 адам тұрса, 2021 жылғы санақта бұл көрсеткіш 242 адамға дейін төмендеген.

ГАЗДЫҢ ЖАНЫНДА ГАЗСЫЗ ОТЫР

Ауылда тек жол мәселесі ғана емес, басқа да инфрақұрылымдық түйткілдер бар. Газ құбыры ауылдың үстінен өткенмен, тұрғындар көгілдір отынға қосыла алмай отыр.

"Әкім жиналыс жасайды. Кілең мектеп қызметкерлері ғана барады. Үлкен кісілер баруды қойған. Себебі көңіл қалған. Белгілі ғой, «баяғы жартас, сол жартас». Адамдар шаршап кеткен. Бізде газ да жоқ. Ауыл үстімен газ құбырын өткізгенімен, ауылымызға газ келмейді. Неге десеңіз, әкімдіктің жауабы бір. "Сендерде тұрғын аз" деп қайтарады", – дейді ауыл тұрғыны.

Қазақстанда көктемгі су тасқыны өзге өңірлерде де үлкен проблемаға айналып отыр. Өткен жылы Қазақстанда көктемгі су тасқыны салдарынан 10 облыста төтенше жағдай жарияланды. Бұл су тасқыны ел тарихындағы ең ірі табиғи апаттардың бірі болып саналған еді. Биыл да кей аймақты су басқан.

Жылдың алғашқы тоқсаны, 3 наурыз күні Қостанай облысында айналма каналдың бітелуі салдарынан су тасып, зиратты басып қалды. Қарасу ауданына қарасты Новоселовка ауылының тұрғындары көктем келе сала судың деңгейі көтеріліп, ауылдарын су басып қала ма деп алаңдаулы.

Ал 16 наурызда Қостанай облысында республикалық маңызы бар KZ 10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолын су басты. Кейіннен БАҚ-та 25 наурыз күні толассыз жауын-шашынның салдарынан Қотырабұлақ өзені арнасынан шығып, Талғар ауданы, Бесағаш ауылында жеті аула аумағы мен медициналық орталықты су басқаны туралы ақпарат тарады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер