Батыс Қазақстан облысындағы Рожковское мұнай–газ кен орнына жақын орналасқан Петрово ауылының тұрғындары экологияға зиян келіп жатқанын айтып, өз еріктерімен басқа жерге көшу туралы ұсыныс жасаған. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Басылым мәліметінше, Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов Петрово ауылы ресми түрде кен орнының санитарлық аумағына кірмейтінін айтқан. Алайда жергілікті билік тұрғындарды көшіру туралы шешім қабылдаған, бірақ бұл үшін әуелі қаржы табу керек. Қаражатты облыстық әкімдіктен сұрамақшы.
«Петровода 16 отбасы тұрады. Олардың бірі — көпбалалы отбасы. Бұл отбасыларды көшіру үшін Январцево ауылынан жаңа үйлер салу қажет. Қазір үйлерді қай жерге саламыз деген мәселе қаралып жатыр. Бұл жұмысқа шамамен 300-350 миллион
«Уральск всегда был российским городом»: прокуроры не нашли состава преступления в словах жителя ЗКО
теңге қажет. Тұрғындар көшу туралы өздері бастама көтерді. Қазір ауылда тек бастауыш мектеп бар», – деді әкім.
Рожковское кен орны Орал қаласынан 75 шақырым солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Бұл кен орнын «Урал Ойл энд Газ»компаниясы игеріп жатыр. Компанияның құрылтайшылары:
Новости по теме

- 50% – Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз»,
- 27,5% – венгриялық MOL Caspian Oil and Gas Plc.,
- 22,5% – қытайлық First International Oil Corporation.