Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңа мектептің іргетасы қалануда

523
Adyrna.kz Telegram

Наурыз мерекесі қарсаңында Казталов ауданында жаңа мектептің құрылысы бастау алды. Жаңа мектеп Қоныс елді мекенінің тұрғындарын қуантпақ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың апатты мектептердің орнына жаңа мектептер салу тапсырмасына орай, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жоспарына сәйкес 60 орындық мектеп - «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі жобасы негізінде салынуда.

21 наурыз күні аудан әкімі Асланбек Сарқұлов құрылыс алаңына барып, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының әлеуметтік жобалар және құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Әубәкіров және мердігер «Smartech» ЖШС-нің директоры Жәнібек Байхатовпен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары Айдар Менеев, Серік Қайырлиев, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов қатысты. Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы мектептің сапасына және құрылыстың мерзімге сай жүруіне аса мән беру қажеттігін баса айтты.

- Қоныста жаңа мектеп салу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Халық жаңа білім ордасын асыға күтуде. Ауданымызда бірнеше мектептің құрылысы жауапсыз мердігерлердің кесірінен баяу жүргізілгені мәлім. Сондықтан алдымен мектептің сапасына, содан соң құрылыс қарқынын арттыруға мән беріңіздер. Мектепті белгіленген уақытта пайдалануға беруіміз қажет, - деді аудан әкімі. 

Аумағы 1709,5 шаршы метрді құрайтын жаңа мектептің құрылыс жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Smartech» ЖШС-нің директоры Жәнібек БАЙХАТОВ:

- «Smartech» ЖШС Казталов ауданы, Қоныс ауылына 60 орындық мектеп салуға мердігер болып жатырмыз. Жұмысты бастап кеттік. Мерзім ұзақтығы – 6 ай. 1 қыркүйекке дейін бұл жұмыстарды тапсырамыз. Қазіргі таңда объект басында 25 адам күші, 6 техника күші жұмылдырылған. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. 

Қоныс ЖОББМ-нің директоры Өбила АЯП:

- Бұл мектеп 1976 жылы пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 49 жыл болды. Мектебіміз 2021 жылы апатты деп танылған болатын. Қазір толық контингентіміз орындалып тұр. Жалпы енді шағын құрамды орта мектептерде 81 оқушы болатын болса, бізде 92 оқушымыз бар. Жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл біздің көптен күткен қуанышымыз. Ауыл болып қуанып отырмыз. Ауылымыз көркейіп, одан әрі дами береді деп ойлаймыз. Былтырғы жылы ауылымызда 12 жаңа үй бой көтерді. Ауылға 7 отбасы көшіп келіп жатыр. 64 адам қосылды ауылымызға. Оның ішінде 11-і мектеп жасындағы балалар. Осы ауылдағы салынып жатқан мектеп құрылысы үшін Президентімізге, обылыс және аудан басшыларына алғысымыз шексіз. Жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастаймыз деген ойдамыз.

Қоныс ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы Регина ЕРНАЗАРОВА:

Осы ауылымызға жаңадан мектеп салынып жатқанына барлығымыз қуаныштымыз. Казталов мектеп-лицейіне барған кезде мектептеріне қызығатынбыз. Осындай жағдай өз мектебімізде болатынына қуанамыз. Ауылымыз кішкентай болғанымен, жаймен көркейіп жатқанына қуаныштымыз және де алдағы уақытта өзіміздің үлесімізді қосамыз деген ойдамын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер