Алматыдағы марафон кезінде екі адам қаза тапты. Бірі - 84 жаста, екіншісі - жиырма бірде

1669
Adyrna.kz Telegram
Фото: almaty-marathon.kz
Фото: almaty-marathon.kz

Бүгін Алматыда өткен марафон кезінде екі қатысушы қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Almaty Marathon ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми деректерге сәйкес, 20 сәуір күні өткен Almaty Half Marathon кезінде 84 жастағы Аққоян Рысалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Екеуі де 21,1 шақырымдық жартылай марафон қашықтығын еңсеруге қатысқан және Алматыдағы жүгіру шараларына үнемі қатысып жүрген.

Ұйымдастырушылар барлық ережелерге сай әрекет еткенін мәлімдеді. Медициналық қызмет, жедел жәрдем және полиция жедел түрде оқиға орнына жеткен. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, олардың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жартылай марафон 20 сәуір күні таңертең бірінші президент саябағынан Орталық стадионға дейінгі бағытта өтті. Аққоян Рысалиев 2021 жылдан бері жүгіру жарыстарына тұрақты түрде қатысып келген. Бұған дейін ол Almaty Half Marathon және Almaty Marathon аясында 21,1 және 10 шақырымдық қашықтықтарды сәтті еңсерген.

Марафон кезінде Әл-Фараби даңғылы бойындағы бірінші шақырымда ол адам өзін жайсыз сезінген. Бір минуттың ішінде жедел жәрдем жеткен, алайда оның тамыры соқпаған.

"08:15-те полиция қызметкерлері қатысушының құлағанын хабарлады. Жедел жәрдем бір минут ішінде жетті, пульс болмады. Реанимациялық шаралар хаттамаға сай жүргізілді. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Созылмалы артериялық гипертензиясы болған", – деді жедел жәрдем дәрігері Әлібек Хожаназаров.

Қайтыс болған екінші марафон қатысушысы – Нұрбол Ахмади – бұған дейін Winter Run 2025 аясындағы 10 шақырымдық жарысқа қатысқан. Ол Астана мен Алматыдағы жартылай марафондарға және Алматы марафонына тіркелген.

20 сәуір күні марафон барысында 16-шы шақырымда жүгіріп келе жатқан Нұрбол есінен танып қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері реанимациялық көмек көрсеткенімен, нәтиже болмаған – өлім бригада келгенге дейін тіркелген.

"Біз келген кезде, 09:18-де, ұйқы артериясында пульс болмады, тыныс алуы жоқ, қан қысымы нөл. Реанимациялық шаралар хаттамаға сай жүргізілді, бірақ сәтсіз болды. Өлім 103 бригадасы келгенге дейін орын алған. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы, жүректің жіті жетіспеушілігі", – деп түсіндірді бригада дәрігері Айгерім Есдәулетова.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, нақты өлім себебі сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша анықталады және жақындарына жақын уақытта хабарланатын болады.

«Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева қатысушылардың қауіпсіздігі – ұйымдастырушылар үшін басымдық екенін атап өтті.

"Жүгіруге тіркелу кезінде барлық қатысушылар өздерінің спорттық шараға қатысуға физикалық тұрғыда дайын екенін және денсаулығына толық жауапты екенін растайтын қолхатқа қол қояды. Бұл – әлемдегі марафондарды ұйымдастыруда қолданылатын қалыпты тәжірибе. Almaty Marathon қатысушылары үшін жыл бойы біз тегін жаттығулар мен қауіпсіз жүгіру туралы сарапшылармен ашық дәрістер өткіземіз. Жарыс күні әрбір су ішу бекетінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған медицина қызметкерлері болады. Барлық жүгіру маршруттары алдын ала мұқият әзірленіп, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметімен келісіліп жасалады", – деді Салтанат Қазыбаева.

«Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтады. Ұйымдастырушылар марқұмдардың отбасыларымен байланысқа шығып, материалдық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер