Қазақстандық жас шахматшылар әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

996
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық жас шахматшылар Грекияның Родос аралында өткен рапид және блиц бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан 10 алтын және 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Турнирге 49 елден 8 бен 18 жас аралығындағы 433 спортшы қатысты.

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, өз жас категорияларында рапид пен блицтен чемпион атанғандар – Алиша Бисалиева, Амиржан Анетов, Ерғали Сүлеймен және Елназ Қалиахмет. Сонымен қатар, рапидтен бірінші орынды Адинұр Әділбек пен Айару Алтынбек иеленді. Бұған дейін қазақстандықтар жыл сайын тек 2-3 алтын медальмен оралып жүрген еді. Биылғы нәтиже – рекордтық көрсеткіш.

Грекияда екі қола медальді Жансая Шолпанбек еншілесе, блицте үшінші орыннан көрінгендер – Сүлейман Нұрақын мен Даниял Сапенов.

Турнирдің басты қаһарманы 8 жастағы Алиша Бисалиева болды. Астаналық шахматшы рапид пен блиц бойынша 22 партияның барлығында жеңіске жетіп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

«Біздің жас шахматшыларымыздың нәтижесі барлық күткенімізден асып түсті! Жеткіншектеріміз керемет ойын көрсетті. Әр халықаралық турнирде өздерін танытып жүрген жаңа толқынмен мақтанамыз. Жүйелі жұмыс пен жастарға деген сенім – осындай жеңіске жеткізетін жол», – деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

FIDE ұйымдастырған бұл чемпионат алты жас санатында, ұлдар мен қыздар арасында бөлек өтті. Қазақстаннан 22 шахматшы қатысып, олардың тоғызы жүлдегер атанды.

Байқаулар швейцариялық жүйе бойынша 11 турдан тұрды. Рапидте әр ойыншыға 15 минут және әр жүріс сайын 5 секунд қосымша уақыт берілді, ал блицте уақыт форматы «5+3» болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер