Бейресми кездесу. Тоқаев пен Бердымұхамедов Түркістанда жолықпақ

952
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

21–22 сәуір күндері Түркістан қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтудың перспективалары, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланбақ.

Биылғы қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында қос ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері қарастырылған.

Тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының қазіргі жоғары деңгейін атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің энергетика, транзиттік-көлік және мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылу барысын жан-жақты талқылаған.

Аталған сөйлесуде өңірлік ынтымақтастық және бесжақты форматтағы алдағы іс-шаралар мәселелеріне ерекше назар аударылған.

Пікірлер