Қытайда 10G кең жолақты желі іске қосылды

1195
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/10a75bb3-8893-4b64-a72c-5d38f378be34-960x500.jpeg?token=b1e6f343b46071678af52573f2d69ce0
China Unicom мен Huawei компаниясы бірлесіп Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Сюнъань жаңа ауданында алғашқы 10G кең жолақты желіні іске қосты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттік бұл туралы қытайлық MyDrivers ресурсының ақпаратына сүйене отырып жазған. "Huawei мен China Unicom Сюнъань жаңа ауданында алғашқы 10G кең жолақты желіні сәтті іске қосу үшін күш біріктірді. 10G кең жолақты байланысын орнату әлемдегі алғашқы 50G PON шешіміне негізделген", – делінген материалда. Желіні жаңарту барысында талшықты-оптикалық қатынау желісінің базалық архитектурасы жетілдіріліп, бір қолданушыға арналған өткізу қабілеті дәстүрлі гигабиттік деңгейден 10G деңгейіне дейін артқан. Ал желідегі кідіріс миллисекундтық деңгейге дейін қысқарғаны айтылған. Материалда нақты жүктеу жылдамдығы 9834 Мбит/с-қа, ал жүктеп жіберу жылдамдығы 1008 Мбит/с-қа жеткені көрсетілген. Бұл технологияның болашақта үлкен өткізу қабілетін талап ететін сервистер мен қосымшаларды дамыту үшін маңызды екені ерекше атап өтілген. Fast Technology порталының деректеріне сүйенсек, Қытайда 5G мобильді байланысын пайдаланушылар саны 1 миллиардтан асқан. Ел бойынша 18 мыңнан астам 5G+ желілік құрылыс жобасы жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде өндірістік қолдануға арналғандары да бар. Ал 10G желілерін дамыту үшін 168 пилоттық жобаға қаржы бөлінген.
Комментарии