Берік Уәли Абай облысындағы су тасқыны қаупі бар аймақтарды тексерді (ВИДЕО)

950
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Абай облысының әкімдігі
Сурет: Абай облысының әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдегі су тасқыны қаупі бар аймақтарды тікұшақпен аралап шықты. Бұл туралы бүгін, 24 ақпанда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тікұшақпен барлау барысында Шүлбі су электр станциясындағы гидрологиялық жағдайға, көктемде Ертіс пен Уба өзендеріндегі су деңгейі көтерілетін қауіпті орындарға ден қойылды. Мұз жару жұмысы жүргізілген елді мекендер де назардан тыс қалмады. Аймақ басшысы Бородулиха ауданындағы Красный Яр, Переменовка ауылдары мен Жезкент кенті аумағындағы қар деңгейін әуеден бақылады. Аталған елді мекендер маңында жыл сайын мұз жару жұмысы жүргізіледі. Өйткені гидроқұрылымдар жақын орналасқан»,—делінген хабарламада.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков өзендерде мұз жару жұмысын жүргізуге дайындық барысы да тексерілгенін мәлімдеді.

«Облыстың басқа да аудандарындағы тасқын қаупі бар елді мекендерді тұрақты бақылауда ұстап отырмыз. Күнделікті мониторинг жүргіземіз. Аймақ басшысына өңірдегі ахуалды толық баяндадым»,—деді ол.

Екі аудан мен облыс орталығындағы гидрологиялық жағдайды бағамдаған облыс әкімі өзендердегі су деңгейін, өңірдегі барлық су бөгендерін, су өткізу құрылғыларын жіті бақылауда ұстауды тапсырды.

«Алдағы уақытта Бесқарағай ауданының Жетіжар, Кривинка ауылдары мен Семей қаласы аумағындағы Ертіс өзенінде мұз жару жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Жақын арада Бесқарағай, Үржар, Мақаншы, Ақсуат аудандарына барып, су тасқынына дайындық барысын көремін. Қазіргі таңда өңірдегі ахуал тұрақты», — деді облыс әкімі.

<

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер