Кеңгір су қоймасы мемлекет меншігіне қайтарылды

1044
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан билігі Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі мәлімедеді, деп хабарлады “Адырна”.

Активті қайтару үшін қадағалау органы Су ресурстары министрінің атына ұсыныс жасады.

Су қоймасының иесі — «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС-мен сыйға тарту келісімшарты жасалды.

«Енді уәкілетті органдар су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылымдарын кешенді тексеруді жүргізіп, одан әрі модернизация жасау шараларын қабылдауы қажет», — деп атап өтті прокуратура.

1952 жылы салынған Кеңгір су қоймасы - Ұлытау облысындағы ең үлкені. Оның сыйымдылығы 319 млн текше метрді құрайды. Бұл стратегиялық объекті «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС-нің балансында болды. Су қоймасын мемлекетке қайтару қажеттілігі бірнеше жыл бойы көтерілген болатын. Мысалы, депутат Рысқали Әбдікерұлы 1996 жылғы үкімет қаулысымен сілтеме жасап, оның орындалуы түрлі себептермен созылып келгенін атап өтті.

«Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС «Қазақмыс» тобының құрамына кіреді. egov.kz мәліметтері бойынша, топтың иесі - Kazakhmys Copper. Оның 100% акциясы нидерландтық KCC B.V. холдингінің қолында. KASE-де жарияланған есептерге сәйкес, KCC B.V. холдингінің соңғы бақылаушысы Владимир Ким (70%), ал 30% үлесі корпорацияның бұрынғы басшысы Эдуард Огаюға тиесілі. Екі кәсіпкер де Forbes.kz рейтингінде Қазақстанның ең бай 20 адамының қатарында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер