КҚК-дағы дрон шабуылы. Қазақстан мұнай экспорты 30%-ға қысқаруы мүмкін

1012
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rbc.ru
Сурет: rbc.ru

17 ақпанда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы мұнай тасымалдайтын “Кропоткинская” мұнай айдау стансасына жеті ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) шабуыл жасады. Бұл станса арқылы Қазақстан мұнайы да экспортталады. 18 ақпанда шабуыл салдарынан Қазақстаннан мұнай айдау көлемі 30%-ға төмендеуі мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл шектеу 1,5-2 айға созылуы ықтимал. Сарапшы Олжас Байділдиновтың бағалауынша, бұл Қазақстан бюджетінің кірісіне шамамен 300 млрд теңге шығын келтіруі мүмкін.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл шабуылды Қазақстанның энергоинфрақұрылымына жасалған соққы деп атады.

“Ресей ешқашан Украинаның энергиямен жабдықтау жүйесін қауіпке тіккен емес”, – деді Лавров.

Кейіннен Украина бұл шабуылды ресми түрде мойындады. Шабуылға байланысты жаңа қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер