Зеленский Путинмен келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

908
Adyrna.kz Telegram
Фото: Thomas Peter/ Reuters
Фото: Thomas Peter/ Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу украиналықтар үшін бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы болса, оған дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап.

«Егер бұл біздің халқымыз үшін бейбітшілікке қол жеткізудің және адамдарды жоғалтпаудың жалғыз мүмкіндігі болса, әрине, біз бұған барамыз», – деді Зеленский британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол Кремль басшысына деген жеке көзқарасы бұл жағдайда маңызды емес екенін айтты.

«Мен оны жауым деп санаймын. Егер шындықты айтсам, ол да мені жау деп есептейді» - деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, Украина қазіргі жағдайда барлық аумақтарын қайтара алмайды және нәтижесі белгісіз нәрсе үшін миллиондаған адамды құрбан етуге болмайды. Сонымен қатар, ол соғыста өмірін қиған азаматтарға берген антын бұзбайтынын және конституция талаптарын сақтай отырып, басып алынған аумақтарды Ресейдің бір бөлігі ретінде мойындамайтынын атап өтті.

Украина басшысы соғыс жағдайында елде сайлау өткізу мүмкін еместігін тағы да растады.

Бұған дейін Владимир Путин Зеленскийді «заңсыз президент» деп атап, 2024 жылдың мамырында оның өкілеттік мерзімі аяқталатынын, сондықтан бейбіт келісімге қол қоюға құқығы жоқ екенін мәлімдеген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер