Бетперде киген жігіт бүкіл отбасынан айырылған студентке көмектесетінін айтты

1208
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

«Бетперде таққан адам» әкесінен және төрт бауырынан айырылған жасөспіріммен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Станислав есімді азамат Петропавлдағы колледждердің бірінде оқып, жатақханада тұрады.  Ол он шақты күн бұрын жақындарынан айырылған.

"Үйіміз өртенгенде мен Петропавлда, жатақханада болдым. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, бірақ электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Әрі үйде көмірқышқыл газы болған. Әкем 40 жаста, әпкем — 18-де, қарындасым 13-те, інім 10-да және ең кішкентайымыз 7-де ғана болды. Жеті жыл бұрын анам қайтыс болды. Менің көзім нашар көреді, -4. Бауырларымды қалаға әкетіп, оқыту арманым болатын. Бұл арманымнан айырылдым, әрі қарай не істейтінімді білмеймін", — деді жасөспірім «бетперделі адаммен» әңгіме барысында.

Бір сәтте отбасынан айырылған бала қазір жалғыздықтың күйін кешіп жүргенін айтты.

"Сенің басыңнан өткерген қиындықты ешкімнің басына бермесін, сен жалғыз емессің, мұның бәрінен біз бірге өтеміз. Бұдан былай саған оқуымды қалай төлеймін деп уайымдаудың керегі жоқ, сондай-ақ көзіңді емдеуге де көмектесеміз. Енді өзіңнің баспанаң да болады", — деді көмек қолын созатынын айтқан азамат.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер