Сербия студенттері 80 шақырымдық наразылыққа шықты

1170
Adyrna.kz Telegram
Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFР
Фото: ANDREJ ISAKOVIC/AFР

Сербияда студенттер наразылығы күшеюде. Жастар Нови-Сад қаласына екі күндік шеруге шықты. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Назалыққа шыққан жастар бір жыл бұрын билік салғырттығынан адамдар қаза тапқанын алға тартты.

Бейсенбіде жүздеген студент Белградтан былтыр вокзалдың шатыры құлап, 15 адам қаза тапқан Нови-Сад қаласына 80 шақырым жол жүріп өткен. Қайғылы оқиға соңғы жылдардағы ең үлкен саяси дағдарысты тудырды, Белград пен басқа қалалардағы наразылық шерулері жалғасып келеді. 

“Бұл марш біздің қаншалықты радикалды екенімізді, тоқтамайтынымызды және соңына дейін барғымыз келетінін көрсетудің тағы бір жолы”, — деді Белград техникалық университетінің студенті Василий Миланович.

Студенттер тергеудің ашық жүргізілуін, кінәлілердің жазалануын талап етіп, вокзалдағы жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне сыбайлас жемқорлық пен непотизм себеп болғанына сенімді. 

Өткен аптада наразылық шерулері ереуілге ұласты, содан кейін студенттер Белградтың негізгі жолын бір күнге жауып тастады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер