Лавровтың өзі Астанаға телефон соқты

997
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан министрлігіне хабарласты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді.

«Ресей тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров арасында телефон арқылы әңгіме өтті. Министрлер мемлекет басшыларының тапсырмаларын уақтылы орындауға баса назар аудара отырып, 2024 жылғы екіжақты өзара іс-қимыл қорытындыларын талқылап, алдағы жоғары және жоғарғы деңгейдегі іс-шаралар күнтізбесін келісті», – делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Екі тарап қазақ-ресей қарым-қатынастарының даму қарқынын жоғары бағалап, әртүрлі салалардағы стратегиялық серіктестікті нығайту жоспарларын талқылады.

«Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен көпжақты форматтағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты», – делінген хабарламада.

Пікірлер