LRT пойызының жолақысы қанша теңге болады?

1065
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасына қатысты жолақы құнына байланысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сарайшык ауданында өткен есептік кездесуде қала басшысы LRT-ға жолақы нақты бекітілмегенін айтты.

“Жобалық есеп бойынша жолақы 100-ден 200 теңгеге дейін болады деп жоспарланған. Әзірге осы диапазонда сақталып отыр”, – деді Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін әкім LRT құрылыс жұмыстары 2025 жылдың жазында толық аяқталатынын мәлімдеген болатын.

Кездесу барысында тұрғындар аула аумақтарын абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді дамыту, көше жарығы, көгалдандыру, қоғамдық көліктің қолжетімділігі және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелерін де көтерді.

Айта кетейік, LRT жобасы аясында Кабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан халықаралық әуежай маңындағы станцияның ішкі көрінісі көрсетілді. Онда эскалаторлар, интерактивті экрандар мен жарық мол түсетін үлкен терезелер қарастырылған. Сондай-ақ жолаушыларға арналған лифтер орнатылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер