Анкарадағы атыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

1692
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалған. Атыс салдарынан құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы сұраған едік.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, 23 қазан күні Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында атыс болды.

Теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер